Технологиялық процесті құрудың негіздері
Автор: Gregory House • Февраль 20, 2020 • Реферат • 839 Слов (4 Страниц) • 1,769 Просмотры
Технологиялық процесті құрудың негіздері
Технологиялық процестерді ұйымдастыру. Технологиялық процестің ұйымдастырылуы өндірістің заттық элементтерінің (еңбек құралдары мен заттары) тірі еңбекпен рационалды байланысы арқылы түсіндіріледі, яғни ол өндірістік жоспарды тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Технологиялық процесті ұйымдастыру еңбектің жіктелуіне «жеке формада) және оның жеке жұмыстарға мамандануына негізделген. Еңбекті бөлі оның қосылуын міндет етеді, өйткені әрбір жеке жұмыс басқа да жұмыс бөліктері мен қосылуда рөл атқарады. Сондықтан еңбекті мамандандыру оны көшірмелеуден тұрады. Осыдан технологиялық процесті ұйымдастырудың объективті қажеттілігі, өндірістің бір бірімен байланысқан жеке бөліктерге бөлінуінен туындайды.
Технологиялық процестің құрамы. Технологиялық процеске өндірістік операциялардан тұратын бірнеше деңгейлер кіреді. Операция бұл – бір орында нақты еңбек затын өңдеу кезінде, жұмысшылармен орындалатын және қарапайым еңбек кешенінен тұратын, берілген деңгейде технологиялық және техникалық біртекті, аяқталған процестің бір бөлігі. Операция – өндірістік жоспарлау мен есептің негізгі элементі, технологиялық процестің негізгі бөлігі. Процесті операцияларға бөлу қажеттілігі техникалық және экономикалық себептерден туындап жатыр. Мысалы, бір станокта дайындаманың барлық жақтарын бір уақытта өңдеу мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық жағынан технологиялық процесті бөліктерге бөлу тиімді. Операция бірнеше сатыдан тұрады, оның әрбіреуі аяқталған жұмысты көрсетеді. Тәсілдер жеке әрекеттерге бөлінеді. Әрекет –дененің орын ауыстыруымен сипатталатын, тәсілдің бір бөлігі.
Технологиялық процестің осындай жеке элементтерге бөлінуі үлкен мінге ие болады, яғни оны талдауға еңбек шығынының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік болады.
Технологиялық процестің құрылымы. Технологиялық процес құрылымы өндірістік операцияларды орындаудың реті мен саны, түрлері, процесті құру сұлбасын анықтайтын, элементтердің құрамы мен байланысынан тұрады. Технологиялық процестің сұлбалары қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Ол дайындайтын өнім түрі мен сипатынан, саны мен номенклатурасынан, қойылатын талаптардан, бастапқы материалдың түрі мен сапасынан, техниканың даму деңгейінен және басқа да сыртқы факторлардан тәуелді болады.
Қарапайым процестер бірнеше операциялардан тұрады, оның шикізаты біртекті массадан немесе қосылыстар санынан тұрады. Салыстырмалы түрде оның технологиялық сұлбасы күрделі емес. Оларға кірпіш, шыны, тоқыма өндірісінің, тау-кен өнеркәсібінің процестері жатады.
Екінші типті процестер сызбаны құрудың күрделілігімен, көп операциялылығымен, қолданылатын материалдардың, құралдардың әр түрлілігімен ерекшеленеді. Күрделі процестер ұйымдастырудың дамыған формасына ие болады. Мысалы, машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібінің процестері болуы мүмкін.
Технологиялық процесті әзірлеу. Кез келген өндірісте негізгі рөлді өндірістік процесс атқарады, яғни ол бірнеше технологиялық процестерде тұрады.
Өндіріс объектісін (машиналар, аппараттар, механизмдер және т.б.) дайындамастан бұрын, технологиялық процесті жобалап алу қажет.
Технологиялық жобалау – күрделі жұмыс. Оны дұрыс орындалуынан өндірілетін барлық техника-экономикалық көрсеткіштері тәуелді.
Технологиялық жобалау дайындамалар мен бөлшектерді алуда әдістердің нақты шарттары үшін экономикалық тиімділігіне, өңдеу операцияларының рационалды орнатылуына, сондай-ақ дайындалып жатқан бұйымның өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығына негізделеді.
Технологиялық процесті құру үшін бастапқы деректер қатарын білу қажет. Оларға:
- Өндіріс объектісінің түрі мен сипаттамасы
- Өнімді шығару бағдарламасы
- Қанағаттандыратын талаптар
- Ұйымның өндірістік мүмкіндіктері (құралдардың болуы, энергетикалық қуаттылығы және т.б.)
Ол үшін сұлбалар, техникалық шарттар, ГОСТ-тар, өнімді шығару жоспары мен көлемі, құралдардың паспорты мен ақпараттар, құралдар каталогы, сынауға нұсқалар, тәсілдер, сондай-ақ нормативті және анықтамалық ақпараттар қолданылады.
Өндірістің негізгі техникалық құжаты болып жұмыс сызбасы табылады, яғни ол дайындалып жатқан бөлшек пен бұйымның графикалық кескінінен тұрады және ол формасы, өлшемі, өңдеу түрлері, бақылау әдістері, қолданылатын материал маркалары, бөлшектің немесе дайындаманың салмағына, материалдың шығын нормаларына қойылатын талаптарға сай болу керек.
...