Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стандарттаудың даму тарихы

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Практическая работа  •  20,180 Слов (81 Страниц)  •  666 Просмотры

Страница 1 из 81

 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

№ 1 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Стандарттаудың даму тарихы

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

1   Еуропалық мемлекеттерде стандарттаудың тарихын оқып меңгеру

2   Қазақстанда стандарттаудың дамуын оқып меңгеру

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі мемлекеттерде стандарттаудың дамуы жөнінде теориялық білімді тереңдету және кеңейту

«Стандарттау» терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау және стандарт деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі:

Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет;

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:

Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау термині ғылыммен техниканың ұзақ уақыттағы эволюиялық даму процесін нәтижесінде қалыптасты. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі экономиканың қарым-қатынастың кеңейтілуі мен бұл терминмен қатар стандартау процесі дамып отырды. Мысалы: ежелгі Египетте құрылыс жұмыстарына тұрақты стандарты өлшемде кірпіштер қолданылған. Ол үшін тайпа көсемдер арнайы кірпіш бақылаумен айналысқан. Орта ғасырларда мұнайда тәсілдер кеңінен қолданыла бастады.XIX ғ. II жартысынан бастап, стандартау барлық өндіріс орындарында кеңінен қолдануға мүмкіншілік алды. Мұнда стандарттау процесі негізінде өндірістің өз ішінде жүргізіледі. Бұл жеке кәсіпкерлердің немесе өндіріс иелерінің кең көлемдегі табыс табуына әкелді. Мемлекеттік стандарттау ұйымы алғаш рет 1901 жылы Англияда құрылды. Бұл комитеттің мақсаты Британия мемлекетін экономикалық күшейтуге бағытталады. Мұндай мемлекеттік ұйымдар 1916 жылы Голландияда, 1917 жылы Германияда, 1918 жылы Швецария және АҚШ-та құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстн кейін стандатауға экономикалық қажеттілік арта түсті. Осының салдарынан 1919 жылы Канада да, 1920 жылы Италияда, Жапонияда және т.б. мемлекеттер өздерінің мемлекеттік стандартау комитеттерін құрды. Тұрақты тауар алмасудың кеңейтілуі мен және ғылыммен техникалық әріптестіктің дамуына байланысты. Мемлекеттер арасындағы стандартау ұйымы қажет болды. Осының нәтижесінде халықаралық стандарттау ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация II дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, өз жұмысын тоқтатты. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, құлдыраған мемлекеттерді тез арада экономикалық жетістіктерге жеткізу үшін 1946 жылы Лондонда стандарттаудың  халықаралық ұйымы (ИСО) құрылды. Бұның құрамы 33 мемлекет кірді. Ал қазіргі кезде бұл ұйым техникалық ұйымдардың ең үлкенінің бірі оның құрамында 100 аса мемлекет бар. ИСО 1952 жылы стандарттаудың ғылыми принциптерін оқып зерттеудің комитетін құрды (СТАКО). Бұл комитеттің негізгі міндеті стандартауға тиісті негізгі терминдерді анықтау болатын. СТАКО өте қажетті терминдер ретін анықтап, әзірледі. Мысалға: стандарт, стандарттау мамандандыру, унификация, өлшемдердің өзара алмасылымдығы және т.б. Бұл ұсынылған терминдерді ИСО кеңесі қабылданды. ИСО-ң терминдер құжатында стандартауға мынандай анықтама беріледі.

...

Скачать:   txt (235 Kb)   pdf (454.5 Kb)   docx (96.9 Kb)  
Продолжить читать еще 80 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club