Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүк автомобильдерінің сипаттамасы

Автор:   •  Март 10, 2022  •  Лекция  •  1,104 Слов (5 Страниц)  •  247 Просмотры

Страница 1 из 5


Лекция№5                                 

                                       ЖҮК  АВТОМОБИЛЬДЕРНІҢ   ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ


                                                     Жүк автомобильдерінің сипаттамасы
Жүк автомобильдер көлік құралдары ретінде (КҚ) бірнеше сипаттамалар бойынша бөлуге болады: тағайындалуы, жүккөтергіштігі (класстар), толық салмағы, өткізгіштігі, доңгелек формуласы.
Тағайындалуы бойынша жүк автомобильдері борттық, өзі аударғыштар, тіркемелі және ершікті автопоездар, мамандандырылғын
және арнайы деп бөлінеді.
Бортты автомобильдер кабина артында орналасқан жүк платформасына ие. Бортты жүк автомобильдері ең кең тағайындалуына еге бола отырып кез келген жүктердің тасымалдауына арналған.
Жүкті жүк платформасына тиеді және қажет болған жағдайда түрлі жаппалармен жабылады.
Өзі аударғыштар сусымалы заттарды тасымалдауға арналған
(топырақ, жыныс, тоңазытқаштар және т.б.). Мұндай жүк автомобильдердің жүк платформасы артқа немесе үш жаққа басқарылатын аудару арқылы жүкті тез түсіруге есептелген.
Тіркемелі автопоездар бұлар өзіне бір немесе екі- немесе үш
өсті тіркемесі бар тартқыштардан тұрады (бортты жүк автомобильдер түрінде).
Ершікті автопоездар — бұл автомобильдер-тартқыштар, оларда ер бар, ол ерге арнайы қондырмалы құрылғы арқылы жартылай тіркемелер тіреледі (өздігінен жүре алмайтын автомобильді ТҚ), өзінің арт жағында бір немесе одан көп өстерге ие. Сонымен тағы
күрделі автопоезд түрі бар
, ол тартқыш, жартылай тіркеме және тіркемеден тұратын автопоезд (бұл жағдайда жартылай тіркемеге екінемесе үш өсті тіркеме арнайы тіркеу құрылғысымен қосылған).
Күрделі автопоезд ерекше үлкен жүк көтергіштікті қамтамасыз ету мақсатымен құрылған.
Ерекше құрылғылы шанағы бар автомобильдер, тек жүктің арнайы бір түріне арналған жағдайда олар мамандандырылған деп аталады. Мысал ретінде цистерналар, нан тасығыштар, тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған рефрижераторлар, панелтасығыштар,өзі аударғыштар және т.б. болады.
Транспорт құралы функциясын атқаратын жүк автомобильдеріне айырмашылығы,
арнайы жүк автомобильдері нақты көліктік емес технологиялық мақсаттарды орындауға арналған. Мысалы, өрт сөндіру автомобильдер жылжымалы сатыларды тасымалдауға, өрттерді сөндіруге арналған жабдықтың бар болу жағдайында суы бар сыйымдылықтарды өрт орнына жеткізуге арналған. Жүк крандары жоғары биіктікте жүктерді жеткізу функциясын атқарады. Цемент тасушы ценмент қоспасын тасымалдау үдерісінде оның араласуын  қамтамасыз етеді. Арнайы автомобильдерге әскери мақсаттарда пайдаланатын түрлі типті соғыс автомобильдері жатады.
Жүк көтергіштік бойынша жіктеуде ерекше шағын жүк автомобильдері (0,75 т дейін), шағын (0,75...2,5 т), орташае (2,5...5,0 т), үлкен (5,0.10,0 т) және ерекше үлкен (10,0 т жоғары) кездеседі.
Жүк автомобильдердің толық салмағы бойынша жіктеу кездеседі. Егер халықаралық жіктеу бойынша ЕЭК ООН жүк автомобильдер паркі толық салмағы бойынша үш санатқа бөлінеді: N —3,5 т дейін; N2— 3,5.12 т және N3—12 т жоғары, ал автомобильді көліктің
Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты (АИБҒЗИ) әзірлеген отандық жіктеу бойынша, жүк автомобильдер паркі арнайы атауы жоқ
бес класқа бөлінген: 1 —1,2 т дейін толық салмақ; 2 — 1,2...2,0 т;
3 — 2.8 т; 4 — 8.14 т; 5 — 14.20 т. КҚ үшін тағы да резервтік 6 класс
толық салмағы 20.40 т және 7 класс толық салмағы 40 т жоғары арнайы автомобильдер үшін ескерілген.
                                                                                                                                        1.1 ке сте сі
Ресейде шығарылатын кейбір жүк автомобильдері үшін жіктеу
мәліметтері

Класс

Жүк автомобилің түрі

Ұзындығы  мм

Жүк көтергіштігі* кг

Толық салмағы*  кг

2

Москвич-2335  

4440

250

1600

3

ГАЗ-3302 «Газель»

5470

1500

3500

4

ГАЗ-2752 «Соболь»

4840

920

2800

5

ЗИЛ-4331

9980

6500

13250

6

КамАЗ-6510

17630

17600

25760


*’ А
втомобильдің жүк көтергіштігі — паспорттық мәліметтерінде көрсетілетін жүк автомобилінің пайдалы жүктемесі.
*2 А
втомобильдің толық салмағы — жабдықталған автобильдің, пайдалы
жүктеменің, жүргізушінің және жолаушылардың салмағын біріктіретін жиынтық
шамасы.

1.1 сурет. Жүк автомобильдердің жалпы түрі: а — ГАЗ-3302 «Газель»; б —
ЗИЛ-4331; в — өзі аударғыш КамАЗ-6510

Доңгелек формуласы бойынша жүк автомобильдер бір жетекші өспен, бірнеше жетекші өстермен және толық жетекті автомобильдерге бөлінеді, оларда барлық өстердегі доңгелектер жетекші болып келеді. Толық жетекті жүк автомобильдері жоғары өткізгіштік КҚ болып саналады және салыстырмалы түрдегі шектеулі қолдануға ие.
Бұл оқулықта тек жолдағы жетексіз алдыңғы өсті жүк автомобильдері қарастырылған.
Біздің елде автомобильдердің таңбалауы қолданады, ол бұрын кеңес автоқұрылысында қабылданған, оған сәйкес базалық моделін сипаттау үшін төртшамалы индекс қолданады, ондағы бірінші сан автомобильдің класын (жүк автомобильдердің сынаптамасы толық
салмағы бойынша), екінші саны —автомобильдің түрі, ал үшінші
мен төртінші —автомобиль моделінің зауыт нөмірі (01 ден 99 дейін).
Автомобиль маркасындағы бесінші және алтыншы сандар базалық
модельдің түрлері және түрлендіруін білдіреді.
Мысал ретінде 1.1 кестесінде Ресейде шығарылатын 2-6 кластардың кейбір жүк автомобильдері үшін сынаптамалық мәліметтер келтірілген, ал. 1.1 суретінде ГАЗ-3302 «Газель», ЗИЛ-4331, КамАЗ-6510
жүк автомобильдерінің жалпы түрі көрсетілген.

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (102.2 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club