Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – жақсы ма әлде жаман ба?

Автор:   •  Апрель 17, 2022  •  Эссе  •  526 Слов (3 Страниц)  •  302 Просмотры

Страница 1 из 3

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – жақсы ма әлде жаман ба? Менің ойымша, қазіргі заманғы ұйым үшін КӘЖ-нің ең қолайлы моделі»

        Бизнесті жүргізумен қатар әлеуметтік жауапкершілікте бірге жүреді. Біріншіден ол – қайырымдылық десек, екіншіден қызмет ету қағидасы болып саналады. Әлеуметтік жауапкершілік деп қайырымдылық, демеушілік, экология, дағдарыс кезінде көмек көрсету деп түсіндіре аламыз. Әлеуметтік жауапкершілік компанияның қайырымдылыққа қанша ақша кететіндігін есептеу емес, адамдардың өмір сүру сапасының жақсартатын қызметке қатысуымен ақталатындығында.Бұл компаниялардың қоршаған орта мен адамның өмірінің басқа аспектілері арқылы пайда табуды емес, қоғамда өз имиджін қалыптастыруға көмектеседі.Яғни ұйым өзінің экологиялық бағытта инвестиция немесе белгілі бір бағытта әлеуметтік көмек көрсету арқылы қоғамда оң пікірін қалдырады.Әлеуметтік бағыттағы іс-шаралары компания беделін арттыра түседі. Әлеуметтік жауапты компания болу компанияның имиджін көтеріп, оның брендін қалыптастыра алады. Әлеуметтік жауапкершілік қызметкерлерге өз қолдарында бар корпоративтік ресурстарды жақсылық жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Ресми корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары қызметкерлердің моральдық деңгейін көтеріп, жұмыс күшіндегі өнімділіктің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Әлеуметтік-жауапты қызмет компанияға жаһанданудың қазіргі жағдайында дамуға, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге, жаңа нарықтарға шығуға, материалдық емес активтерді өсіруге, менеджменттің әдептілігін және персоналдың дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.Сондықтанда мен оны жаман деп айта алмаймын.

        Бизнесті  жүргізудің  бірден-бір  aлғышaртынa    aйнaлғaн  әлеуметтік  жaуaпкершілік  сaясaты  бaрлық  ұйымдaрдa  қолдaнылсa дa, ол бизнес – қaуымдaстықтa корпорaтивтік әлеуметтік жaуaпкершілік (КӘЖ) aтaуымен неғұрлым кең тaрaғaн. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – бұл компанияның өзі, оның мүдделі тараптары және қоғам алдында әлеуметтік есеп беруіне көмектесетін өзін-өзі реттейтін бизнес-модель. Корпоративті азаматтық жауапкершілік деп аталатын корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыра отырып, компаниялар қоғамның барлық салаларына, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаға әсер ету түрін біле алады. КӘЖ-дің негізгі идеясы – корпорациялар кірісті азайтудан басқа, басқа әлеуметтік мақсаттарды көздеуі. Жалпы КӘЖ мақсаттарына мысал ретінде қоршаған ортаға әсер ететін факторларды азайту, компания қызметкерлері арасында волонтерлікті насихаттау және қайырымдылық жасау жатады. Қазір замандағы ұйымдар үшін КӘЖ ең қолайлы да тиімді модел болып табылады.Себебі оның компанияға беретін мүмкіндіктері үлкен.Сонымен қатар компаниялардың проблемаларын да шешуге көмек береді. КӘЖ ұйымға ортақ құндылықтарды қалыптастыруға жағдай жасайды. КӘЖ-ті "Компания өз акционерлеріне ақша әкелумен қатар, өзінің қызметі арқылы қоршаған ортаны жақсартуы керек — экологиялық нормаларды сақтау және әлеуметтік саланы дамыту тұрғысынан"- деп түсінуміз керек. Ұйым үшін қазіргі таңда бәсекеге қабілетті болу маңызды. Сәйкесінше КӘЖ бәсекелік қабілеттін арттырады. Қазіргі заманда нарықты экономикада бәсекелестік орын алса, яғни сапа артады. Бұл өз кезегінде компанияның өнімің арттыруына көмек беретіндігінде. Жалпы КӘЖ бірінші кезекте компанияның беделі үшін жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде мемлекетпен қарым-қатынас жасауға көмек береді. Екінші кезекте бизнестің тұрақты дамуына әсер етеді. Үшіншіден КӘЖ бұл корпорацияның іс-әрекетінен толық немесе ішінара туындаған әлеуметтік мәселелерді шешуде  маңызды. Сонымен қатар бұл модел қазіргі заманғы ұйымға беделі мен имиджін жақсартуға, корпоративтік сәйкестікті қалыптастыруға, корпоративтік брендтерді дамытуға, сондай-ақ мемлекетпен, іскерлік серіктестермен, жергілікті қоғамдастықтармен және азаматтық ұйымдармен сындарлы серіктестік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (43.2 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club