Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Adidas

Автор:   •  Ноябрь 13, 2018  •  Реферат  •  1,047 Слов (5 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 5

Аты-жөні: Айдарханова Аида

Мамандығы: ЕҰжН

Курсы:2

Тобы:241

Оқытушының аты-жөні: э.ғ.к. доцент Ерғалиев Қанат Раимханович

Сөз саны: 968

Кіріспе. Зерттеу объектісі ретінде мен «Adidas» спорттық тауарлар шығаратын ұйымды алдым. Компанияның тарихы 1920 жылы, Германиялық жас етікші Адольф Дасслер өзінің алғашқы спорттық аяқ-киімін тігіп алған кезде басталды [1]. Ол әрбір спортшыға жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін осындай жабдықдың болғанын қалады. Идеясы соншалықты тиімді болғандықтан, қазіргі таңда компания спорт пен бизнес саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді және кең ауқымды өнімдерді ұсынады. 90 жылдан астам уақыт бойы «Adidas» спорт әлеміндегі табыстың белгісі саналады.

1.Ұйымның ішкі факторлары, дамуына әсері

«Мүмкін емес ештеңе жоқ» 2003 жылы қабылданған компанияның басты жанрамалық ұраны. Adidas компаниясы әрқашан тауарларын тұтынушыны мотивацияландыру мақсатында жарнамалайды. Ол тікелей ұйымның ішкі стратегиясына байланысты.

Ұйымның ішкі жағдайлық факторларына тоқтала кетсек:

1. Ұйымның мақсаты  бүкіл әлемдегі спортшыларды біріктіретін, жетістіктерді жақсарту және мақсатқа жетудің жаңа жолдарын табу, өмірді барлық кедергілерді еңсеретін рухпен толтыру.

2. Ұйым құрылымы  ішкі ортаның ең негізгі факторларының бірі. «Adidas» компаниясының  басқару процестерін ұйымдастыруды талдағаннан кейін, мен компанияның ұйымдық құрылымы мақсатына толық сәйкес келетінін байқадым:

  • Әрбір қызметкер өзінің жеке құқытары мен мендеттеріне жауапты;
  • Ұймда қызметкерлер үнемі оқытылады, тренингтер өткізіледі;
  • Басқарушылық лауазымға ие болу үшін сертификаттаудан өту және компанияда кемінде жарты жыл жұмыс істеу керек;
  • Әр ай сайын жұмыскерлер Бағалау Орталықтарынан өтеді, бұл келешекте басқарушы лауазымға өтуге мүмкіндік береді.

3. Компаниялар ұйым міндетін тұтынушылар мен қызметкерлерді тарту көзі деп санайды. Сол себепті, әр ұйым өзінің миссиясын шынайы және нақты таңдай білуі тиіс. «Adidas» ұйымының міндеті  әлемдік спорттық брендтердің арасында көшбасшы болу [2]. Компанияның барлық атқарған жұмысы спортқа деген құмарлықтың арқасында қоршаған айналаны жақсартуға мүмкіндік береді.

4. Өндіріс. Adidas өндірісте қолданылатын материалдарға ерекше назар аударады. Оларға мынандай сипаттағы өнімдер кіреді:

  • Беріктігі жоғары – спорттық жаттығулар кезінде түсірілген күшке төтеп беру;
  • Төзімділік – күнделікті пайдалануға мүмкіндік;
  • Суға төзімді – ылғалды ауа-райында қолдпнуға болады;
  • Желдету - бұл аяғының жайлылығын қамтамасыз ету үшін және олардың өте қатты терлеуін болдырмау үшін қажетті критерий;
  • Бұдан басқа, антибактериялық жүйесі бар модельдер. Бұл жоғары ылғалдылықта пайда болатын зиянды микроорганизмдерге зиянды әсер етеді.

5. Маркетинг. Спорттық киім стильді тұлғаның атрибуты болып саналады және ол уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Осы шарттарда компаниялар маркетингтік бағдарламаны құрастыру үшін басшылыққа алды, ол өнімді осындай түрде сатпауға, керісінше өмір салтын сатып алғысы келетін жаңа клиенттерді тартуға бағытталған. Сондықтан «Adidas» компаниясы әлемге әйгілі маркетингтік компанияны «Мүмкін емес нәрсе» ұранымен іске қосты. Бұл өмір салтына бағытталған брендті құру  компанияны қысқа уақыт ішінде жетекші орынға шығарды.

6. Қаржы факторы  кәсіпорынның барлық өндірістік және шаруашылық қызметін көрсететін айна түрі. 2016 жылы спорттық киім шығарудан алып Adidas пайда мен сатылымның рекордтық өсуін көрсетті.

  • Адидастың операциялық пайдасы 2016 жылы 36% -ға өсті, таза пайда - 41% -ға өсті, көрсеткіш 1,019 млн. евроға жетті.
  • «Біздің 2016 нәтижелеріміз біздің стратегиямыз жеміс беретінін дәлелдейді», - деп мәлімдеді Adidas AG компаниясының бас директоры Каспер Рорстед [3].

7. Ұйымның беделі. Компания өзінің стратегиясын әлемдегі болып жатқан соңғы өзгерістерді  үнемі қадағалап отыратын етіп қалыптастырады. Компания жаңа таланттарды тартады, олар нарықта брендті жылжытудың маңызды көзі болып табылады, тиісінше, компанияның пайдасының өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Adidas өзінің нарық тарихын ұмытпайды. Мұның бәрі оның тұрақты беделін қамтамасыз етеді, бұл тұтынушылардың кеңірек топтарының қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (291.1 Kb)   docx (151.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club