Инновациялық басқару объектісі ретіндегі мәні
Автор: Аян Куанган • Март 2, 2019 • Лекция • 2,981 Слов (12 Страниц) • 943 Просмотры
4-ТАҚЫРЫП.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4.1. Инновациялық басқару объектісі ретіндегі мәні
Нарық жағдайындағы бәсекелестік қарқынының күшейе түсуі кәсіпкерлерді ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңалықтар жүйесін пайдалана отырып инновациялық қызметті жетілдіруге ықпал етеді. Бұл жағдай соңғы кезеңдерде әлемдік экономикада бәсекелестік бағытының бағаны төмендету мен ресурстарды үнемдеу саласынан ғылыми-техникалық прогресс саласына ауысумен де байланысты.
Инновациялық қызмет бұл техникалық-экономиикалық өндірістің біртұтастығы. Инновациялық мәні ғылыми ой-пікірлерді, жаңалықтарды жүзеге асырып, тиімділікке қол жеткізу болып табылады.
Инновация ағылшын тілінен аударғанда «жаңалықты енгізу» деген мағынаны білдіреді. Ал жаңалық деп біз жаңа тәртіп, жаңа әдет-ғұрып, жаңа тәсіл, жаңа ой-пікір және жаңа құбылыстар айтамыз. «Жаңалықты енгізу» дегеніміз Й.Шумпетердің ұйғарымы бойынша, келесі жағдайларды құрайды:
жаңа затты, өнімді жасап шығару;
жаңа технологияны, техниканы өндіру;
жаңа өткізу нарығын игеру;
жаңа шикізат көздерін пайдалану;
өндірістің рөлін жаңа талапқа сай ұйымдастыру.
Сонымен, инновациялық қызмет дегеніміз – ғылыми-техникалық шешімдерді тәжірибе жүзінде пайдалану, нақты жаңа техника мен техгология түрлерін қолдану және де өндіріс ұйымдастыруды жетілдіру. Инновациялық осындай мәні оның кәсіпорын мен жалпы экономикадағы рөлін айқындай түсіп, қазіргі заманға басқарудың бірден-бір қажетті құралы болып табылатынын көрсетеді.
Инновация жаңа ғылым және даму үстіндегі іс-әрекет. Осындай шарт тиімді орындалу үшін әрдайым дамуға тиіс. Сол себепті мақсатқа жетудегі жаңалықтарды орындауда инновацияның қайнар көздерін ашып көрсеткен жөн.
Басқару теоретигі П.Друкер жаңалықты енгізудің 7 қайнар көзін көрсетті:
а) күтпеген оқиға немесе жағдай;
ә) біздің көзқарасымыздың ақиқатпен сәйкес;
б) процестік қажеттілік;
в) демографиялық және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзгерісі;
г) қажетті нұсқаулар және тәрбиедегі өзгерістер;
ғ) экономикалық және құрылымдық өзгерістер;
д) жаңа білім.
П.Друкер сондай-ақ, инновацияның қағидалары мен міндеттерін белгілеген. Қағидалар; мүмкіндікті талдау, тұжырымдамалық, қарапайымдылық және нақтылық, дәйектілік, мақсаттылық. Инновацияның міндеттері: мақсатқа бағытталған ізденістерді жүргізу, жағдайға бейімделу, кәсіпкерлік стратегияны қалыптастыру. Осы бағытта іс-әрекетті күрделендіру мен көпмақсаттылық қажет емес.
Инновация басқарушылық қызметінің барлық салаларын қамтиды, яғни оның менеджмент жүйесінде өз орны бар. Инновация жіктемесі төмендегідей негізгі инновациялық процестердің сипаттамаларын тұрады:
- Құрамы бойынша: а) техникалық; ә) ұйымдастырушылық;
б) әлеуметтік; в) экономикалық.
2. Жаңашылық сипаты бойынша: а) абсолюттік; ә) салыстырмалы; б) шартты; в) жекелік.
3. Инновациялық әлеуеті бойынша: а) түбегейлі; ә) қиыстырылған;
б) модификацияланған.
4. Инновациялық процестің ерекшеліктері бойынша: а) ұйым ішіндегі;
ә) ұйым аралық.
5. Тауардың немесе ұжымның өмірлік циклінің кезеңдері бойынша:
а) ғылыми-зерттеу жұмыстары; ә) тәжірибелік-құрастырушы жұмыстар;
б) іргелі зерттеулер.
6. Жасап шығару және таралу деңгейі бойынша: а) мемлекеттік;
ә) аймақтық; б) салалық; в) ұжымдық.
7. Инновациялық процесс кезеңдерінің ұзақтығы бойынша: а) зерттеу;
ә) жасап шығару; б) айналымға түсу мен таралу; в) қолдану мен тұтыну.
8. Жасап шығару мен таралу өрістері бойынша: а) өнеркәсіптік;
ә) қаржылық; б) қызмет көрсету; в) сауда-делдалдық; г) ғылыми-педагогикалық; ғ) құқықтық.
Қазіргі уақытта инновация дамуының үш тәсілін бөліп көрметуге болады:
Технология негізінде инновацияның даму тәсілі. Тәсіл екінші дүние жүзілік соғыстан кейынгы технологияға бетбұрыс әрекетімен сипатталды. Дегенмен, көптеген ғылыми-зерттеу саласындағы шешімдердің тиімді іске аспауы олардың тек техникалық қасиетімен қабылданып, оларға деген нақты қажеттіліктің бағаланбауы мен зерттелмеуінен болды.
...