Шығындарды бағалау әдістері
Автор: alya-aya • Май 11, 2018 • Курсовая работа • 7,067 Слов (29 Страниц) • 1,520 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Экономика факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шығындарды бағалау әдістері
Орындаған: УА-31тобының студенті Кенжеғұлова Жанбота
Ғылыми жетекші: э.ғ.м, аға оқытушы
Темирбекова Л.А.
Қарағанды-2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................... 1 Шығындардың түсінігі және олардың принциптері........................ 1.1 Шығындар туралы түсінік ....................................................................................
1.2 Шығындар есебінің принциптері мен негізгі тапсырмалары...........................
1.3 Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.................................................................. 1.4 Шығындарды есепке алу әдістерінің сыныптамасы және есепке алудың әдістері...............................................
2 Тәжірибеде шығындарды нормалау және жоспарлау......................................
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы............................................................................
2.2 Кәсіпорынның шығындарын нормалау..................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................
Кіріспе
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі мақсаты - өнім шығару және оны өткізу негізінде пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын шығындарға беріледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы шығындар үлкен рөл атқарады. Кәсіпорын түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм. Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындардың толық, терең зерттелуінен және олардың тәжірибеде сәтті қолданылуынан өндірістің және өнімнің жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің анықталуы, өнімнің бағасы, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіру туралы шешімнің негізі тәуелді болады.
Шығындарды талдау шығыстардың тиімділігін анықтауға көмектеседі және бағаның қойылуына, қысқа және ұзақ мерзімді перспективалар үшін шығындар туралы ақпараттардың қалай қолданылатындығын, шығындардың реттелуін, пайданың нақты деңгейін қалай жоспарлауға болатынын анықтап береді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін өндірістік шығындарды анықтау және олардың есебін ұйымдастыру кіреді. Ал ұйымның шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктелудің мәні зор.
Шығындарды жіктеу схемасы ақпараттың тағайындалуына байланысты, яғни шығындардың жекелеген топтарға бөліну себебіне тәуелді.
Шығындар есебінің бағыты үш үлкен топқа бөлінеді және шығындар осы топтарға байланысты жіктеледі:
1. Қорларды бағалау үшін шығындар туралы ақпарат;
2. Шешімдер қабылдау үшін шығындар туралы мәліметтер;
3. Реттеу мен бақылау үшін шығындар туралы мәліметтер.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы шығындар мен оларды есепке алу әдістерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері – кәсіпорынның шығындар есебі мен бағалау әдістерін қарастыру.
Кәсіпорын өзінің қызметінің барысын өнімді өндіруге және сатуға, өзінің ұжымының әлеуметтік дамуына, айналым құралдары мен негізгі қорларға және т.б. материалдық және ақша шығындарын жұмсайды.
...