Шаfын бизнес кәсіпорындарында бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру
Автор: Saniya2903 • Сентябрь 18, 2018 • Статья • 2,131 Слов (9 Страниц) • 448 Просмотры
ШАҒЫН БИЗНЕС КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жұмыстың өзектілігі. Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және блашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге мүмкіндік беоеді. Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады [1].
Бухгалтерлік есептің бәсекелестік экономикаға, сыртқы тұтынушыларға неғұрлым ақпаратты көбірек беруге, сонымен қатар коммерциялық құпияны сақтауға сай келу қажеттілігі кәсіпорынның бұрынғы біртұтас бухгалтериясын жеке екі бөлікке - қаржылық және калькуляциялық бөлікке бөлуге итермелейді.
Бухгалтерлік есепті жеке бөлікке бөлу қаржылық есептің орталық-таңдырылуына және калькуляциялық есептің де орталықтаңдырылуына алып келді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Есеп тауарлы-материалды құндылықтардың, ақша қаражаттарының сақталуын, олардың дұрыс пайдаланылуы мен өзіндік құнды төмендетудің қосымша қорларын анықтауды жүйелі бақылаудың маңызды құралы болып табылады.
Нарықтық экономика талаптарына сай бухгалтерлік қызмет мамандарының ролі де артады. Осыған байланысты олардың дайындығы да жақсаруы тиіс. Бухгалтерлік есеп маманы шаруашылықтың тиімді жүргізілуіне септігін тигізуі, шаруашылық ахуалына тез әрі қателеспей бағдарлануы, нарықтың жағдайды және оның тенденцияларын түсінуі керек.
Күрделі өндірістік құрылымға ие субъект өзінің қызметіндегі қаржылық нәтижелер мен шығындарды оңтайландыруға және орнықты экономикалық шешім қабылдауға септігін тигізетін экономикалық және каржылық ақпараттарды жедел алуға мұқтаж. Алайда, өндірістік-шаруашылық қызметті дамыту мен ұйымдастыру бойынша басшылық қабылдаған шешім әрдайым орнықты сипатта болмайды және арнайы өндірістік есепсіз қабылдаудың салдары субъект қызметін жағымсыз нәтижелерге жиі ұрындырады.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік-басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді интеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалык шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек.
...