Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Спутник» ЖШСнің

Автор:   •  Апрель 23, 2024  •  Отчет по практике  •  6,328 Слов (26 Страниц)  •  83 Просмотры

Страница 1 из 26

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері..............................................................6

1.1. Кәсіпорынмен танысу........................................................................................8

1.2. Еңбек және техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу..........................10

II. Кәсіпорынның қаржылық бөлімімен танысу............................................12

III. Кәсіпорынның есеп саясаты мен жарғылық құжаттарымен танысу..19

IV. Мамандығы бойынша қосымша бөлімдерде қызмет ету.......................21

V. Тәжірибе бойынша есеп беруге ақпараттарды жинақтау........................23

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................26

ҚОСЫМША...........................................................................................................27

КІРІСПЕ

Мен, Ергенбай Лаура осы оқу жылында теориялық және практикалық білімді бекіту және кеңейту, мамандық бойынша терең практикалық дағдыларды игеру мақсатында «Дом отдыха спутник»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерия бөлімінде оқу практикасынан өттім.

«Спутник» демалыс үйі Алматы мемлекеттік қорығының Маралсай трактінің көрікті бұрышында орналасқан. Бізде демалушылар 12 күн демалады. 12 күн ішінде демалушылар қаланың шуынан, таудың бөктерінде таза ауада демалады.

«Спутник» демалыс үйі 4,5 га жерді алып жатыр, онда 4 тұрғын үй, 200 орындық асхана, 2017 жылы жөндеуден өткен 200 орындық заманауи мәдениет үйі, жабық бассейн, спорт залы, үлкен алаңы бар. таңғы гимнастика, спорт алаңы, үстел теннисттері бар. Бізге Қазақстанның барлық аймақтарынан адамдар келеді. Жыл сайын бізде 1600-нан астам адам демалуға келеді.

Бізде мамандандырылған жұмысшылар жұмыс істейді, олардың 51 пайызы мүгедектер. Барлық қызметкерлер өте сыпайы және қонақжай.

Оқу тәжірибесін өтудегі басты максатым-бухгалтерлік есепті дұрыс түсініп,болашақта өз мамандығыма дайындалу.Осы тәжірибе арқылы өз мүмкіндіктерімді жетілдіре білу.

01.09.2017 жылдан бастап «Спутник» ЖШСнің директоры Камалова Жанар Дүйсенбековна

Өндірістік тәжірибе барысында теориялық оқу және тәжірибелік сабақтың нәтижелері жинақталады және нақтыланады, студенттер берілген біліктілік бойынша және таңдаған мамандық бойынша дағдылар мен өндірістік жұмыс дағдыларына ие болады. Өндірістік тәжірибенің мақсаты: өндірістік тәжірибе студенттер мен оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді. Орта кәсіби білімде негізгі білім беру бағдарламасының оқу процесінде іс-тәжірибе маңызды құрамдас бөлім болып есептелінеді. Өндірістік іс-тәжірибе мамандар даярлау бойынша оқу үдерісіндегі негізгі әрі қажетті құрам болып табылады. Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты теориялық білім негізінде кәсіпорынның оның бөлімшелерінің жұмысының басты қағидаларымен таныстыру, мамандардың кәсіби дайындығының сапасын жақсарту. Сол мақсатқа сәйкес өндірістік іс-тәжірибенің басты міндеттері төмендегідей:

– нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысының басты бағыттарымен таныстыру;

– кәсіпорынның экономикалық, коммерциялық және өзге де қызметтерінің міндеті, рөлі, орны және ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құрылымын зерттеу;

– кәсіпорынның нормативтік актілерімен, қызметімен танысу.

Өндірістік тәжірибе – оқу үдерісіндегі өндірістік жағдайда әртүрлі кәсіпорындарда білікті мамандар мен жұмысшыларды даярлаудағы тәжірибелік бөлігі. Өндірістік тәжірибе кезеңінде теориялық оқудың нәтижелері айқындалып, нақтыланды. Сондай-ақ студенттердің өндірістік жұмыстағы дағдылары мен іскерлігі де назардан тыс қалмайды. Ал енді мамандығым туралы айта кететін болсам, менің болашақ мамандығым – бухгалтер, ревизор және аудитор. Мен бухгалтерлік мамандықты жоғары бағалаймын. Бухгалтер барлық жерде қажет. Бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы мамандарды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізуге бағытталған. Аталған мамандық бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.

...

Скачать:   txt (101.8 Kb)   pdf (237.5 Kb)   docx (223.7 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club