Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор:   •  Февраль 24, 2019  •  Реферат  •  3,913 Слов (16 Страниц)  •  1,340 Просмотры

Страница 1 из 16

[gl] 1-МОДУЛЬ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

1 - ТАҚЫРЫП. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру [:]

Дәріс мақсаты: мемлекеттік мекемелер ұғымын және құрылымын ашу, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды меңгеру.

Кілт сөздер:

  • Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп;
  • Мемлекеттік мекемелердегі шоттар жоспары;
  • Мемориалды ордерлер;
  • Қаржылыќ есептілікті жасаудыѕ ќаєидаттары;

Дәрістер жоспары (2 сағат)

1-дәріс

1. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

2. Мемлекеттік мекемелерде есеп саясаты.

2- дәріс

1. Бухгалтерлік есепті жасаудың қағидаттары мен негізгі сапалық сипаттамалары.

2. Бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының бөлімдері

Әдебиет: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қос.2, 3, 4.

1.Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Бухгалтерлердің Халақаралық Федерациясының Кеңесі Қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Кеңес құрды.

Мемлекеттк мекемелерде бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру келесідей заңнамаларға негізделіп жүргізіледі:

  1. ҚР Бюджет кодексі;
  2. ҚР Салық кодексі;
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары;
  4. Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары;
  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі»;
  6. Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне
  7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген) Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  8. Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомы және т.б.

Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады.

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.

Бухгалтерлік қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен есептілікті мекеме басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маман жүзеге асырады.

Орталықтандырылған есепке алу бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында ҚР-ның Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.

...

Скачать:   txt (62.4 Kb)   pdf (225.4 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club