Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Бухгалтерскому учету"

Автор:   •  Май 26, 2019  •  Курс лекций  •  3,617 Слов (15 Страниц)  •  483 Просмотры

Страница 1 из 15

Осы лекциядағылардың барлығы тестте бар. Бүкіл терминдерді дұрыстап оқыңыздар. Теориялардың негізін қалаушыларды да жақсылап оқыңыздар. Ір қайсысы бір сұрақ 

тақырып 1. Ерте заманда бухгалтерлік есептің пайда болуы

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы. Ежелгі египет бухгалтерлік есебі

2. Ертедегі Грециядағы бухгалтерлік есебі

3. Ертедегі Римдағы бухгалтерлік есебі

1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы. Ежелгі египеттегі бухгалтерлік есеп .

Қазіргі замандағы бухгалтерия тарихы, көптеген басқа ғылымдардың тарихы сияқты, түп тамыры ерте ғасырлардан басталады. Адамдар өздерін қоғамда  сезіне бастағанда, ол палеолит заманында пайда болған. Калькуляция сөзі латын тілінен аударғанда «тастармен санау» дегенді білдіреді. Ерте замандағы құжаттар шоттық биркалар деп аталған.

Ежелгі египеттегі есеп

Ежелгі египеттің есептік жүйесі экономиканы орталықтан басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылды. Барлық өнімдер, малдар және жұмыстың басқада қорытындылары орталықтандырылған қоймаларға тапсырылды, содан кейін олар шаруашылықтарға таратылып отырған, таратылудың әр кезеңі қатаң бақыланған. Сондықтан жекелеген есеппен қатар жалпы мемлекеттік есеп пайда болған. Есептей алу үшін жаза білу керек және шоттар білу керек болған. Бұндай білім тек жазушылар-шенеуніктерде ғана болған. Жазушылар өздерінің қызметтерімен қоса басқарушы, есепші қызметтерін де атқарған. Жазушылардың кәсіби иерархиясы өте күрделі болған: қарапайым жазушыдан күрделі жазушыға дейін. Есептік еңбектің дифференциясы болған: хан жазушысы, дәнді дақыл, жер, адам, жауынгерлер жазушылары, жазушыларды басқарушылар, құжатты жазушылар.  

Құжаттар папируста, глинада, ағашта жазылған, олар сосудтарда, жәшіктерде, қаптарда сақталған және операциялар мен жауапты тұлғалардың жауапкершілігінің нақтылығын көрсеткен. Арифметикалық есептеудің нақтылығын көрсету үшін абак деген арнаулы құрылғы пайдаланылған.

Египеттің басты байлығы бидай болған, ол ақша эквиваленттері сияқты айналымда болған.

Инвентарлық есептің дамуы екі бағытта жүргізілген:

  • Құралдарды деталдау, құралдардың әр түрін жеке жеке есептеу және бейнелеу;
  • Есептік регистрлердегі сияқты құралдардың топтары бойынша объектілерді сыныптау.

 Сонымен қатар, инвентарлың есепте операциялар көрсетілмеген. Күн сайынғы инвентаризация шаруашылықты оперативті басқаруды қиындатты, сондықтан ежелгі египетте кіріс-шығыс есебі пайда болды.

Месопотами бухгалтериясы

Шумерлік, содан кейін вавилондық өркениет Парсы шығанағының жағалауындағы Тигр және Ефрат өзендерінің арасында орналасқан.

Жазулар глиналық кестелерде жазылған. Кестелер ір түрлі мөлшерде дымқыл түрде жасалынған. Таяқшалармен екі жағындада жазулар жазылған. Одан кейін кестелерді күнге кептірген немесе күйдірген.

Ежелгі Вавилон шаруашылығында Ежелгі египет шаруашылығындағыдай инвентарлық және есептің кіріс шығыс формасы таратылған. Басты роль ауылшаруашылық жұмыстарының есебіне берілген. Жерлердің мөлшеріне, құнарлылығына, өңдеуге икемділігіне, жауапты тұлғаларға байланысты тіркеледі. Жұмыс малының тіркеуінде оның сыныпталуы сақталған (жас мал, үлкен мал, кәрі мал, өлегндері), сонымен қатар олардың жұмысқа қабілеттелігі және жауапты тұлғаға берілуі есептелген. Еңбекіт есептеуді ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінген. Есеп үш бағытта жүргізілген: қызметкерлер есебі «жасы, категориясы, жұмыс партиясы бойынша), жұмыс уақытының және жұмыс күшін ұстаудың есебі.

 Ежелгі вавилондағы іскерлік сауда үйлері «Эгиби ұлдары және немерелері», «Мурашу іскерлік үйі», бұл сауда үйлері банктердің бастаушылары деп есептеуге болады. Хаммурипи заңдарының жиынтығының негізіне бірдей материалды жауапкершілік қағидасы жатты.

Ежелгі Грециядағы есеп

Ежелгі Египет мәдениеті крит-миной.

Экономика (ойкос – үй, шаруашылық номос – заң) дегенді білдіреді деп Аристотель және Филодем аударған. Олар шығындардың сметасына үлкен көңіл бөлген. Б.э.д., V ғасырдың соңында полистардың экономикасынаақша айналымы үлкен әсер етті. Монеталар Ежелгі гректардың әйгілі ойлап тапқандарының бірі болып табылды. Айырбастаушылар трапезиттер деп аталған. Трапезит сөзі трапеза  стол, трапезит столдағы адам деп аударылады. Трапезиттер ақша жинап оларды пайызға бере бастаған. Олар өз қызметтері бойынша банкке айналған, ал трапезиттер банкирлер болған. Тарихтағы бірінші банкирлер құлдар болған, аристократтар бұл жұмысты беделді емес деп есептеген. Құлдар ақша жинап өздеріне бостандық сатып алған. Кейіннен б.э.д. ІІІ ғасырда трапезиттердің қызметі беделді қызмет болып саналған.

...

Скачать:   txt (52.8 Kb)   pdf (220.3 Kb)   docx (31.9 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club