Лекции по "Бухгалтерскому учету"
Автор: Zhansaya00 • Июль 2, 2018 • Курс лекций • 4,888 Слов (20 Страниц) • 528 Просмотры
КІРІСПЕ
Бухгалтер – экономика және қаржы саласындағы сұранысқа ие мамандық. Кез-келген, тіпті шағын компанияда бухгалтер қызметі бар. Ол қызметкерлердің жалақысын, салықтық төлемдерді, тауар бағасын анықтап, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы есепті жүргізеді.
Бухгалтер мамандығын меңгеру үшін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша жоғары экономикалық білім алу керек. Ал мансап жолы бухгалтер көмекшісі қызметінен басталады. Осы арқылы тәжірибе жинап, ЖОО-да алған білімді пысықтай аламыз. Көбінде университет қабырғасында айтылатын теория уақыт талабынан алыстау, сондықтан құрғақ білімге қарағанда тәжірибе маңыздырақ.
Жазылған жұмыс «Алғыс 2030» ЖШС-де өткен өндірістік тәжірибенің есебі болып табылады. «Алғыс 2030» ЖШС-гі Атырау қаласында 2003 жылы құрылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарғыларына сәйкес қызмет атқарып келеді. Аталған мекеме алғашында 4-ақ адамнан тұратын шағын кеңсе түрінде қызмет атқарған. Компанияның жұмысшы құрамы өте аз болғанымен, Атырау қаласындағы ірі нысандарды тұрғызуға және жөндеуге қатысқан. Соңғы 5 жылда мекеме жөндеу жұмыстарына қатысқан ірі нысандар:
-.2013 жылы «Ақсауле» ЖШС-мен бірігіп, «ЖылойМұнайГаз» МГӨБ-нің 50 жылдық мерейтойын атап өтетін орындарда;
- 2013 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның нысандарында;
-.2014 жылы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның «ДоссорМұнайГаз», «ЕмбіМұнайЭнерго», «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ-де;
- 2014 жылы «КаспийМұнайГаз» ЖШС-нің нысандарында;
-.2015 жылы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-на тиісті 100 орындық «Ботахан» жатақханасында;
- 2015 жылы «ҚазақТелеком» АҚ-ның Атырау қаласында филиалында күрделі жөндеу жұмыстарын жасаған.
«Алғыс 2030» ЖШС-інде бухгалтер төмендегі қызметтерді атқаруы қажет:
-.бухгалтерлік есеп жүргізу, құжаттарды қабылдап, өңдеп, бақылауына алады;
-.арнайы келісімшарт бойынша қызметкерлерге жалақы төлейді.
-.салық және басқару есебін жүргізеді;
-.салық есебін толтырып, арнайы қорға және салық инспекциясына жібереді.
Сондай-ақ ол компания қызметінің бағытына байланысты банктер және кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Компанияда бір ғана бухгалтер болғандықтан бірнеше жұмысты әрі бас бухгалтер қызметін алып жүруіне тура келеді.
Ұйым бухгалтері құжаттарды рәсімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, экономикалық негізделген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, жалақы бойынша есептерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, банктерге зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, төлемдерді, капитал салымдарын қаржыландыруға қаражатты дұрыс аударуды қамтамасыз етеді. Барлық бухгалтерлік есеп стандарттар мен заңдар шеңберінде шектелгендіктен Салық кодексін және ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңын жатқа білу әрбір бухгалтердің міндеті болып табылады.
Жұмыста төмендегідей мәселелер қарастырылады:
-.«Алғыс 2030» ЖШС-гі туралы жалпы сипаттама;
- ұйымның есеп-аналитикалық саясаты;
-.бухгалтерлік есепті ұйымдастыру (ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, тауарлы-материалдық қорлар есебі, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі, міндеттемелер есебі, еңбекақы және оның төлемінің есебі, капитал және резервтер есебі, өндіріс шығындарының есебі, дайын өнімді шығару және сату есебі, қаржылық есептілікті ұсыну);
- аналитикалық жұмыс.
1 «АЛҒЫС 2030» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы
«Алғыс 2030» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Жарғы негізінде қызмет атқарады. Оның негізгі мақсаты – табыс табу және нарықты тауармен және қызмет түрлерімен толықтыру. «Алғыс 2030» ЖШС-гі Қазақстан нарығынды 15 жылдан астам өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр.
...