Лекция по "Бухгалтерскому учету"
Автор: a.zhidebayeva • Ноябрь 1, 2018 • Лекция • 5,426 Слов (22 Страниц) • 610 Просмотры
1 Мамандықпен және оның білім беру бағдарламасымен танысу
- Мамандыққа кіріспе (кіріспе дәріс)
Бухгалтерлік есептің пайда болып қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
- Ежелгі дүние
- Ортағасырлық
- Ренесанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы
- ХХ ғ бухгалтерлік есептің үдемелі дамуы
Есептің дамуы — бұл бухгалтерлік ойдың дамуы. Бухгалтерлік есеп әдістемесі алты кезеңнен өтті. Осы кезде алдындағы кезеңдердің жетістіктері төмендегілердің құрамына енеді.
1. Натуралды (4000 б.ғ.д. - 500 б.ғ.д.) Бухгалтердің ойымен ол есепте не көргенін, немен жұмыс жасайтынын білдіргісі келеді. Есеп дәл болған сайын, оның шаруашылықтың өзі де дұрыс.
2.Құндылықты (500 б.ғ.д.. — 1300). Ақшаның пайда болуы алғашқы мезеттері.Алғашында ол натуралды өлшеуде көрініс тапса, ол кейін (немесе біруақытылы) ақшада көрініс тапты.
3. Диграфиялық (1300 — 1850). Халық шаруашылығында қаржы нәтижесін шығару қажеттілігі мен қалауы патримоналды есепті униграфиялық және (қарапайым жазба) және диграфиялық ( екі жақты жазба) бөлуге ықпал етті.
4. Теоретика – тәжірибелік (1850 — 1900). Диграфиялық есептің болашақ дамуы екі жолмен бағытталды. Кейбір бухгалтерлер шаруашылық өмірдің фактілерін заң жағынан түсіндіруге тырысты, ал кейбіреулері экономикалық жағынан.
5. Ғылыми (1900 - 1950). Коптеген ғасырлар бойы бухгалтерлік есеп тәжірибе ретінде қолданылды. XIX ғасырдың ортасында бухгалтерлік ғылымның (бухгалтерлік есеп) негіздері қаланды
6. Қазіргі заманғы (1952- қазірге дейін) баланстың дамуында динамикалық және статистикалық теңдестіруді түсіндіруді және кейбір синтездеу әрекеттерін жасауға мүмкіндік берді.
Бірнеше мың жыл бұрын адамдар папирус жасауды үйренді. Олардың ұзыны 4-5 метр, биіктігі -24 -18 см. Жазу қара және қызыл тушьпен жазылды. Мұны эстетика үшін жазды. Мысалы, жыл қарамен, ай мен күн – қызылмен, ал сандар – қарамен, нәтижесі –қызылмен. I және II династияларда әрбір екі жыл сайын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің түгендеуі жүргізіледі. Оның мақсаты біріншіден алынған және берілген күміс, нан т.б. шынайлығын тексеру. Афинада қаржылық бақылау тұрғындармен сайланған он тұлғаның қасында болды. Олардың қызметіне барлық мемлекеттік табыстар мен шығындарды, шіркеу мүлігін реттеу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке түгендеу жүргізілді. Ақшаны сақтау өзінше жүргізілді. Өйткені табыстардың әрбір түріне жеке ыдыс бөлініп, оған әрбір индексі берілді. Нақты шығындарға белгілі бір ыдыстан ғана ақша алуға рұқсат етілді. Және кассаның кілті бір шенеунікте болса, құжат сақталынатын кілт – екінші шенеунікте, бұл кілттер алмасуға тиым салынған.
Бухгалтер-(нем.– кітап және– ұстау) кірістер мен шығыстар рәсімдейді, бухгалтерлік құжаттаманы дайындайды және тапсырады.Ол сондай-ақ өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды. Ол үш бірдей міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
1. Жоспарлау (plannіng)– іс-әрекеттердің тәртібін тұжырымдау процессі. Ол мақсаттың қойылуын, оған жету жолдарының іздестірілуін және ең жақсы альтернативтің таңдалуын қамтиды.
2. Бақылау (control) – жоспардың нақты орындалуын қадағалау процессі, басқаша айтқанда іс-әрекеттің жоспарға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау.
3. Бағалау (evaluatіon) – Бұл кезеңде мақсатқа қол жеткізілгендігін түсінудің маңызы көрсетіледі.
«Бухгалтер» термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады.
Есептің маңызды рөлін саналы түрде ұғына келіп, 1946 жылы бухгалтерлердің халықаралық конгресінде француз ғалымы Ж.Б.Дюмарше ұсынған бухгалтерлердің гербін (елтаңбасын) бекітті. Онда күннің бейнесі, таразы, Бернулли қисығы бейнеленіп, «Ғылым, сенім, тәуелсіздік» деген ұран (девиз) таңбаланған. Күн - бухгалтерлік есептің және қаржы-шаруашылық қызметтің жарқырауының символы болса, таразы – баланс, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисығы бір кезде жасалған есеп мəңгі өмір сүреді деген мағынаны білдіреді.
...