Бухалтерлік есептің даму тарихы
Автор: 123456m • Январь 18, 2018 • Реферат • 771 Слов (4 Страниц) • 957 Просмотры
Қарттар- біздің қазынамыз.
«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?- деп Абай атамыз айтпақшы, әр адамның қамшының сабындай ғана ғұмыры бар. Сол өмірді мәнді етіп өткізу, күнәсіз ғұмыр кешу – үлкен парыз. Дегенмен, біздің қоғам осы түсінікке тым үстіртін қарап, қазығы терең тұңғиыққа таяз қарайды. Ақын атамыздың жоғарыдағы төрт ауыз сөзіне осы құндылықтың бәрі сыйып тұрғандай. Шынында да, тал бесіктен жар бесікке дейінгі адам ғұмыры тым қысқа, «азан мен намаздың арасындай».
«Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас,.
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің -ортаншы өмір,.
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас»,- дейді Шәкәрім атамыз. Дұрыс айтылған сөз. Бірақ, жастарымыз сол жанталаспен жүріп, өздерін өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай тәрбие берген ата-аналарына көп көңіл бөлмей кетеді. Бүгінгі күні, өкінішке орай, адамның жастығы қызық, қарттығы шыжық болып тұр. «Шыжық» дейтінім, жаңарған елдің жастары қарайған қарттың халін түсінбей, есесіне, ақылы дария аталарымыз «қарттар үйін» паналауға мәжбүр болып жүр. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас. Дегенмен, бұл мәселенің қоғамымызда бары мәлім. Егеменді ел болғанымызбен, қанша жерден дамығанымызбен, «қарттар үйі» әлі де азаяр емес. Керісінше, жыл артқан сайын жаңасы ашылуда. Бұл нені көрсетеді? Әрине, бұл тәрбие мен тәлімге алып келеді. «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы» деп Әл-Фараби айтпақшы, ақылы ата-анасын аулақ ұстауға ғана жеткен баладан небір білімді, елге қайыры тиетін ұл-қыз шығуы неғайбұл?! Өз басым бұған сенбейм. Шындыққа шынайы қарар болсақ, елімізді жау найзасынан арашалап, қасық қанын аямай күрескен де солар еді... Ұрпағым қиналмасын,тамырым тарқамасын деп тырысып, бастарын тауға да, тасқа да соққан солар еді... Ұямыз тапталмасын, шаңырағым шайқалмасын деп шаршамай еңбек еткендер де солар еді... Ал біз не істеп жүрміз? Алпауыт аймақты аман алып қалған жардарға бүгінде «қарттар үйінің» алақандай бөлмесі ғана бұйырып тұр. Бұрынғының қазағы ата-анасын алақанға салып, төріне шығарушы еді, бүгінгінің қазағына не болған ендеше? Бұрын жетімін жылатпаған, қариясын мұңайтпаған халық едік. «Қарттар үйі» мен «жетімдер үйі» атымен болмаған еді ғой. Неге сонша ұсақталдық? Абылай ханның түсі шындыққа айнала бастағыны ма? Қазақ айтса, тауып айтады. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» дейді қазақ. Мұны түсіну үшін жоғарғы білімнің керегі де жоқ.
«Таяқтың екі ұшы бар» деген сияқты, бұл мәселенің екінші қыры тәрбиеге келіп тіреледі. «Ұяда не көрсең,
...