Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақша қаражаттары

Автор:   •  Октябрь 15, 2018  •  Курсовая работа  •  3,945 Слов (16 Страниц)  •  692 Просмотры

Страница 1 из 16

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру барысында түрлі кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен іскерлік операцияларды жасайтын болғандықтан, экономикалық құралдардың үнемі пайда болған тізбесі әртүрлі есептеулерді үнемі жаңартуға мәжбүр етеді. Ұйымның қаржылық жағдайына қол жеткізудің бірі - ақшалай қаражаттың болуы, оны тиімді басқару кәсіпорынға қосымша кіріс әкелуі мүмкін. Сондықтан, ақшаны есепке алу және талдау тақырыптың өзектілігін анықтайтын ақша қозғалысын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызды болып табылады. Ақша қаражаттарын есепке алу, ақша айналымын дұрыс ұйымдастыру - елді мекендерді ұйымдастыру және несиелендіру үшін маңызды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өндірістік ревалюция» атты халыққа Жолдауында: «...Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды.Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ. Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет» делінген. Жолдауда 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге міндет қойылды. [1,2 б]Демек, цифлі дәуірді жандандыру арқылы еліміздегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тұрақтылығының деңгейін арттыру ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да, жоғарыда айтылған .мәселелер диплoм .жұмыcының .өзeктiлiгiн aнықтaйды.

Диплoмдық жұмыcтың мaқcaты – ақша қаражаттарының құрамы мен құрылымын зерттеу арқылы ұйымдағы ақша ағымын бағалау, 7 ХҚЕС «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп» сәйкес қаржылық есептіліктің маңызды формаларының бірі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті құру әдістері мен нысандарына зерттеу жүргізу, талдауы мен аудитін жетілдіру мен ақша ағымдарын тиімді басқару жолдарын анықтау арқылы ұсыныстар беру болып табылады.

Диплoмдық жұмыcтың мiндeттepi. Мaқcaтқa қoл жeткiзу үшiн жұмыcты жaзу бapыcындa төмeндeгi мiндeттep қoйылғaн:

  • Ақша қаражаттары мен оның баламаларының жалпы түрлерін, ақша ағымдарының сипаттамалары мен жіктелімдерін анықтау;
  • Зерттеліп отырған ұйымның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
  • Ұйымда жүзеге асырылатын есеп саясатының маңызды аспектілерін қарастыру;
  • Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепті құрудын негізгі мақсаттары мен құрастырылу әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, нақты ұйым мысалында көрсету;
  • Ұйымдағы ақша ағымы қозғалысын анықтайтын көрсеткіштерге талдау жасай отырып, даму тенденцияларын анықтау;
  • Ақша қаражаттарына аудит жүргізудің ерекшеліктерін атап, аудит бағдарламасын көрсету;
  • Ақша ағымын басқаруды оңтайландырумен байланысты ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын атау.

Зерттеу объектісі. Консалтингтік салада өзіндік орны бар «Premium Finance Conculting» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі.

Зepттeудiң әдicтемелiк нeгiзi. Зepттeу бapыcындaсоңғы жылдары ғылыми-зерттеу саласы тәжірбиесінде қолданылып келе жатқан әдістер арқылы мәліметтер жиналып талданылды. Атап айтқанда, салыстырмалы талдау әдісі, тігінен және көлденең талдау, коэффициенттік талдау.

Жұмыcты дaяpлaу бapыcындa aқпapaттық-aнaлитикaлық бaзa peтiндe ocы бaғыттaғы әдeбиeттepмeн қoca Қaзaқcтaн Pecпубликacының зaңнaмaлық жәнe нopмaтивтiк-құқықтық aктiлepi жәнe«Premium Finance Conculting» ЖШС жылдық eceптepi пaйдaлaнылды.

Диплoмдық жұмыcтың құрылымы. Диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, үш бөлiм, қopытынды жәнe қолданылған әдeбиeттeр тiзiмінен тұрaды.

Бiрiншi бөлiмдe«ақша қаражаттары мен оның баламалары» ұғымының мәні мен мазмұны және олардың атқаратын қызметтері, ақша ағымы жіктелімі мен ақша қаражаттарын басқару принциптері мен тиімді басқару мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар, «Premium Finance Conculting» ЖШС активтері мен міндеттемелеріне талдау жасалып, есеп саясаты қарастырылды.

Eкiншi бөлiмдe ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті жасаудың мақсаттары мен құрылу әдістері мен талдауы көрсетілген.

...

Скачать:   txt (59.2 Kb)   pdf (446.4 Kb)   docx (112.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club