Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ішкі аудит нәтижелерін жалпылау мен жyзеге асыру

Автор:   •  Февраль 15, 2023  •  Творческая работа  •  4,946 Слов (20 Страниц)  •  183 Просмотры

Страница 1 из 20

8 тақырып. ІШКІ АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАЛПЫЛАУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

8.1. Ішкі аудит бойынша қорытынды құжатты жасау реттілігі.

8.2. Ішкі аудит барысында анықталған жетіспеушіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шара қабылдау.

8.3. Ары қарайғы аудиторлық бақылауды ұйымдастыру.

8.4. Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалау.

8.1. Ішкі аудит бойынша қорытынды құжатты жасау реттілігі

Ішкі аудит қызметінің есеп беру түрлері кәсіпорындардағы ішкі аудит қызметі туралы Ережеге сәйкес регламенттеледі.

Мысалы, жүргізілген тексерулер нәтижесінде аудит процедурасын жүргізген қызметкердің (қызметкерлердің) қолы қойылған тиісті есептер жасалады.

Соның ішінде:

а) бизнес – жоспардың орындалу барысын тексеру нәтижелері туралы есепте болуы керек:

жоспар орындалуының сандық және сапалық көрсеткіштерінің талдауы;

жоспар орындалуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларды атап көрсетумен бірге анықталған себептердің сипаттамасы;

б) ұйымдық басқару қағидаларының сақталуын тексеру нәтижелері туралы есепте болуы керек:

кәсіпорынның басқару органдарымен қабылданған шешімдердің нәтижелігінің, оның қатысушыларының(құрылтайшыларының) заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуының талдау;

ұйымдық басқару саласындағы заңнаманың бұзылу фактілерінің сипаттамасы(құрылтай құжаттарының сақталуы, кәсіпорынның басқару органдарының жалпы жиналыстары мен отырыстарын өткізу, дивиденттер төлемінің дұрыс есептелуі мен уақтылығы және т.б.);

в) кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жағдайын тексеру нәтижелері туралы есепте болуы керек:

бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау туралы бекітілген реттіліктің сақталуын бағалау;

бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау туралы бекітілген реттілігін бұзудың анықталған фактілерінің сипаттамасы;

г) салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы есепте болуы керек:

тиісті органдарға жасалған және ұсынылған салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы есептердің дұрыстығын бағалау;

салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есептеу мен төлеудің бекітілген реттілігін бұзу, салық салынатын базаны анықтау барысындағы ауытқу фактілерінің сипаттамасы;

д) кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық операцияларды орындау барысында заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері туралы есепте болуы керек:

кәсіпорынмен жүзеге асырылып отырған қаржылық–шаруашылық операциялардың заңнамаға сәйкестігін бағалау;

кәсіпорынмен жүзеге асырылып отырған қаржылық–шаруашылық операциялардың заңнаманы бұзудың аудит барысында анықталған фактілерінің сипаттамасы;

е) ішкі бақылау жағдайына жүргізулен тексеру нәтижелері туралы есептерде болуы керек:

қолданыстағы ішкі бақылау жүйесін және оның жұмыс жасауындағы кемшіліктерді бағалау;

құрамында жұмысында кемшілігі бар нақты қызметркерлері бар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде тәртіптің сақталу жағдайы жайлы деректер.

Активтер жағдайын тексеру нәтижелері активтерді түгендеуге негізделуі және олардың қозғалысы, нақты болуы мен сақталуы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

Сондай-ақ жүргізілетін тексерулер бойынша барлық есептерде кәсіпорынның атқарушы органы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалауды, анықталған ауытқулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды, растайтын құжаттардың толық пакетін қамтитын қорытынды бөлім болуға тиіс.

Қорытынды есеп мыналарды қамтиды:

талдамалық бөлім;

қорытынды бөлім;

...

Скачать:   txt (77 Kb)   pdf (166.7 Kb)   docx (219.6 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club