Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қайырымдылық бизнес үшін міндетті ме ?

Автор:   •  Октябрь 16, 2020  •  Доклад  •  585 Слов (3 Страниц)  •  426 Просмотры

Страница 1 из 3

Қайырымдылық бизнес үшін міндетті ме ?

          Қайырымдылық-адам бойына берілетін ерекше  қасиеттердің бірі. Қайырымдылық ізгі ниетттің, адамның бір-біріне дегенсүйіспеншілігін көрсететін адамдардың ізгі ісі. Адам өзінің келешек ұрпағына қайырымдылықты кішкентайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылған. Біреуге жақсылық істеу, көмек көрсету,жәрдем жасау— қайырымдылықтың негізгі көрінісі. Қазіргі кезде біздің елімізде әр түрлі акциялар, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.Және бұндай қорларға қол ұшын созатын жандар да, кәсіпкерлер де аз емес. Тек кәсіпкерлер ғана емес,мемлекет те қайырымдылық іс-шараларына көптеп көңіл бөлуде.

          Бизнес пен қайырымдылық екеуі мүлде бөлек тенденция болғанымен,қайырымдылықта әлеуметтік кәсіп болғаны дұрыс. Және мен онымен толықтай келісемін.Қайырымдылық ұғымына байланысты бизнес саласында әр түрлі тұжырымдамалар бар. «Кең болсаң, кем болмайсың»-дегенді бүгінгі таңда әрбір қазақтың кәсіпкері осы ұстанымды ұстанып келеді. Негізінен, бизнесте қайырымдылық түсініктерін ескеретін болсақ, қайырымдылық жасауды атақ шығару үшін қолдануға болмайды. Осындай жайтты Батыс елдері  мынадай тоқтамға келіп,«Қайырымдылықты неғұрлым жарияламай жасырын істесең, соғұрлым табысың еселенеді» дейді.Иә,дұрыс айтылған. Себебі қазіргі кезде қайырымдылықты бизнес көріп,өздеріне пайда табуға ұмтылған кәсіпкерлер де бар. Көбіне топырақ шашпаймын,қайырымды іс-шараны өз атағы үшін қолданатындар да жеткілікті. Бірақ оларға қарағанда елімізде көптеп ұйымдар ашылып,акциялар ұйымдастырылып жатыр,яғни кәсіпкерлер белгілі бір мұқтаж жандарды өз ықыласына алып,қуантып жүргендер де аз емес.Негізінен шын көмекке мұқтаж адамның рахметінен артық еш разылық жоқ. Ол іс әрине таза,еш жарнамасыз,артық жариялауды қажет етпесе.Кез келген  бизнес пайда мен табыс табуды көздесе, әлеуметтік кәсіпкерліктің басты көздегені – мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету. Ең бастысы – мұқтаж жандардың мүддесін қорғау.Бұл салада  қоғамдағы күрделі мәселені шешу көзделеді. Мысалы, көп балалы отбасылардан шыққан әлеуметтік жағдайы төмен балалардың жаттығуына арналған орталықтар ашуға болады. Бұл – біріншіден спортты дамытса, екіншіден салауатты өмір салтын ұстанады. Мұндай орталықтар бір жағынан ақша тауып, дамыса, бір жағынан әлеуметтік кәсіпкерлікті де дамытады.Осындай салада егер көптеп жұмыс істеп, ат салыссақ еліміз қайырымдылық бизнесімен айналысуда  дамып, жоғары деңгейге жетеді. Мысалы, Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласында жалпы ұлттық патриотизмнің маңыздылығына тоқталған. Біз әлеуметтік сыйластық, туған жерге құрмет, қайырымдылық пен демеушілікке қолдау көрсетуіміз керек. Бастысы игі істер үзілмеуі керек. Сонда ғана біз болашаққа қадам басып, қоғамның дамуына үлес қосамыз.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (100.4 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club