Отчет по практике в Шымкентском городском учебно-методическом центре языков
Автор: gulseeziim • Апрель 20, 2023 • Отчет по практике • 7,063 Слов (29 Страниц) • 179 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Практика базасы туралы қысқаша мәлімет
2.
3.
4.
5.
6.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен, Сәбит Гүлсезім Мұратқызы, Филология факультетінің «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының 3-ші курс студенті, Өндірістік практика 23.01.2023ж-17.02.2023ж. аралығында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік Орталығында өттім. Практика жетекшісі ретінде Сартаева Құралай Дастанқызы бекітілді.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік Орталығында осыдан жиырма жыл бұрын Мемлекет басшысының 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Тіл саясатының тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы №152 шешімімен «Мемлекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталығы» ретінде қызметін бастады.
Тілдер бойынша оқу-әдістемелік Орталығында қазақ, орыс, ағылшын және латын тілдері оқытылады. Өзге жерлерден ерекшелігі сапалы білім,
заманауи әдістемелер, әр алуан бағдарламалар және ыңғайлы сабақ кестесі болып саналады.
Айта кетейік, Шымкент қалалық тілдерді оқыту – әдістемелік орталығында он төрт мұғалім жұмыс істейді. Оның жетеуі қазақ тілі, екеуі орыс тілі, бесеуі ағылшын тілі мұғалімі. Он төрт мұғалім жылына мың бір жүз жиырма адамды курстан өткізеді. Бір топта он адам. Бір жылда бір мұғалім сексен адамды оқытады.
Қазіргі таңда Орталықтың директоры болып Жанысбекова Гулмира Қалыбайқызы өз жұмысын атқарып жатыр. Сонымен қатар бөлім басшысы болып Рустемова Гулзина Қуанышбекқызы жұмыс жасайды. Латын тілі бөлім басшысының қызметін Қалдыбаева Гулнар Анарбекқызы атқарады. Жалпы жұмыскерлер саны отызға жуық.
Маған жетекшілік ретінде: Турдиева Лейла Сабитовна бекітілді.
3
Аптаның алғашқы күні жалпылама түсіндірме жұмыстары болып өткен болатын. Біз практика барысы бойынша бекітілген «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік Орталыққа» арнайы бекітілген жетекшіміз Сартаева Құралай Дастанқызымен бірге бардық. Орталықта директор және оның орынбасары бізден арнайы белсенді деген бес қызды ғана алатындығын айтты. Жетекшіміз белсенді деген орыс және қазақ группадан бес қызды арнайы Орталықта жетекшіміз ретінде бекітілген Турдиева Лейла Сабитовнаға төрт апталық практикаға бекітіп кетті. Бізде жетекшіміз Лейла Сабитовнамен қауіпсіздік ережелерімен, мамандық жайлы және де соған қатысты алдағы уақытта қалай, қандай практикалық жұмыстары болатындығы жайлы талқылау болды. Және де тапсырма ретінде оқушылармен болашақта қалай жұмыс істеуге болатындығы жайында ағылшын тілінде шағын ойтолғау жазып келуге берді.
Бүгінгі күні түрлі мәтіндерді редакциялау біліктілігін игеру нәтижесінде жетекшімен топ студенттері болып төрт топтық жұмыс арқылы байланыстар орнаттық. Мәтіндер аумағында көптеген тың деректер мен мазмұнды мәліметтер жинақтадық. Мысал келтіре кетсем:
There are four seasons in the year: winter, spring, summer and autumn. Every season has its fine days and is pleasant in its own way. As for me, I try to enjoy each season of the year. I like warm and beautiful days of early autumn. People often call this period «Indian Summer». In winter the trees are covered with white snow and look beautiful. Besides, winter is a time of joy. Winter holidays are always connected with presents, good mood, parties and a lot of fun. When spring comes, the air is full of freshness and aroma of flowers. Summer brings warmth and new joys.
Мәтіннің мазмұнында төрт мезгілді керемет сипаттау жолдары мен әр мезгілдің ерекше тұстары жайлы жазылған. Және де осылай мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын өз тәжірибелік жолымызда қолдану есебіне қостық.
4
Бүгінгі күн мамандық, яғни филология жалпы филологтар мамандығын таныстыру болды. Және де жетекшіміз мамандық жайлы мұғалім ретінде өз пікірлерімен бөлісті. Жалпы филология мамандығының нақты ерекше тұстары мен идеалды жақтарын айтып өтті. Мәселен, кітапхана ісінде, тілдер әдістемелік орталықтарында жұмыс істеуге болатыны жайында да өз кеңестерін берген болатын. Кітапхана бізде мәдени-ағартушылық ғимарат болып табылады. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы. Болашақ филологтар ретінде бұл мәліметтер бізге аса мазмұнды дерек болып табылды.
...