Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Курсовая работа  •  6,181 Слов (25 Страниц)  •  1,062 Просмотры

Страница 1 из 25

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................................................3

І бөлім. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ                                     1.1Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы мәні, ролі.................................................................4

1.2Шағын кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары...................................................5

1.3Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері.................7

ІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007-2009 Ж АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ                                                2.1Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері................................9

2.2ҚР- ның 2007- 2009 жж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау.......................10

2.3ҚР-да шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау....................11

ІІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                      3.1Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері...............13

3.2Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру.................14

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорын тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі танда еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып келетіндігі туралы жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі.Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді. Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

...

Скачать:   txt (90 Kb)   pdf (147.3 Kb)   docx (35.1 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club