Отчет по практике в «KazСтройКапитал»
Автор: mira • Февраль 28, 2018 • Отчет по практике • 6,126 Слов (25 Страниц) • 791 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | «KazСтройКапитал» ЖШС қызметінің ерекшелігі және құрылымдық сипаттамасы | 4 |
1.1 | «KazСтройКапитал» ЖШС қызметінің ерекшелігі | 4 |
1.2 | «KazСтройКапитал» ЖШС-нің ішкі құрылымы | 5 |
2 | «KazСтройКапитал» ЖШС-нің ішкі және сыртқы ортасын оқып білу | 10 |
2.1 | «KazСтройКапитал» ЖШС-нің нарығы және оның ерекшелігі | 10 |
2.2 | Кәсіпорынның кіріс шығыс және пайда көлемінің тиімділгі | 13 |
3 | «KazСтройКапитал» ЖШС-нің өндірістік және экономикалық көрсеткіштері | 18 |
3.1 | «KazСтройКапитал» ЖШС-нің қызмет көрсету және өндірістің қаржылық көрсеткіштерінің есебі | 18 |
3.2 | «KazСтройКапитал» кәсіпорынның 2015-2017 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы | 19 |
Қорытынды | 25 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 26 |
Kipicпe
Мен, Мұрат Мейрамгүл Серікқызы, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің 5В050600 Экономика мамандығының қашықтықтан оқу нысаны бойынша 2 курс студенті 2017-2018 оқу жылының 04.12.2017 - 06.01.2018 аралығында Павлодар қаласы «KazСтройКапитал» ЖШС-нде өндірістік тәжірибе өттім.
Өндірістік тәжірибені өтудегі басты мақсатым теориялық білімімді тәжірибе арқылы ұштау кәсіпорын қызметінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасымен, кәсіпорынның өндірістік және экономикалық көрсеткіштерімен танысу, теорияны іс-жүзінде жүзеге асыру және білікті мамандардан тәжірибе алу.
«KazСтройКапитал» ЖШС бүгiнгi күнгe өсудiң жоғaры қaрқындaрын aлaды.
Кәсіпорын өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуге қарғанда, оны көптеп шығара алады. Одан басқа сатылмаған дайын өнімнің қалдықтарына қарағанда рентабельдірек бұйымның меншікті салмағы өсуі мүмкін, нәтижесінде бұл өсім қалдықтардың сомалық өсуіне әсерін тигізеді. Пайданы арттыру мақсатында кәсіпорын келесідей: өткізілмеген өнім қалдықтарын сандық және сомалық сипатын қысқартумен байланысты шараларды қолға алуы қажет.
Мақсаты: Каз Строй Капитал» ЖШС-нің жалпы жұмыс жағдайымен олардың ішкі сыртқы қатынастарымен капитал нарғындағы жасалынып жатқан жұмыстарымен танысу.
Міндеттері:
- «KazСтройКапитал» кәсіпорынның негізгі капитал қорымен танысу;
- «KazСтройКапитал»» нарығы және оның ерекшелігімен танысу;
- кәсіпорынның кіріс шығыс және пайда көлемінің тиімділгін зерттеу;
- кәсіпорынның қызмет көрсету және өндірістің қаржылық көрсеткіштерінің есебін жасау;
- «KazСтройКапитал» кәсіпорынның ағымдағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымымен танысу;
- теориялық және практикалық тұрғыдан тәжірбе жинау.
1 «KazСтройКапитал» ЖШС қызметінің ерекшелігі және құрылымдық сипаттамасы
- «KazСтройКапитал» ЖШС қызметінің ерекшелігі
«KazСтройКапитал» ЖШС 2015-жылдың 23- тамызында құрылды. Павлодар қаласының орталығында орналасқан. «KazСтройКапитал» ЖШС қызметінің негізгі түрлері өндірістік, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық құрылыс нысандарын жобалау, салу болып табылады. «KazСтройКапитал» ЖШС мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуге маманданған. Кезкелген күрделі және қол жеткізімді құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруда және өндіруде өзінің кепілдікті міндеттерін орындаушы компания үлкен тәжірибе жинақтады. Кәсіпорынның, тәжірибе жүзінде өзінің кәсіпқойлығы мен адалдықтарын дәлелдеген, білікті қызметкерлердің тұрақты штаты бар. Бұл кәсіпорын бірлескен шаруашылық қызметтерін жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңдары негізінді құрылған заңды тұлға болып табылады. ЖШС заңмен тиым салынбаған әртрлі қызмет түрлерін жүргізеді. ЖШС заңды тұлға ретіндегі міндеттері мен құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап белгіленеді. ЖШС өзінің аты жазылған мөрі, бланкілері, меншіктік балансы, банктегі шоттары бар.
...