Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер
Автор: Стьюдент Уставший • Март 10, 2022 • Контрольная работа • 818 Слов (4 Страниц) • 376 Просмотры
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
№1 Есептеу-сызба жұмыс
Пәні: «Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер»
Мамандығы: «Автоматтандыру және басқару»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған: аға оқытушы, Ибрашева А.Т.
______________ _______________ «___»___________________2021ж
Алматы, 2021
Кіріспе
Есептік-графикалық жумыс зертхана жумыстарында және практика сабақтарында алынған дағдылардын бекіту үшін, және лекцияда алынған білімдерді тәжірибеде қолдану үшін орындалады. Жұмыстың қортындысы симуляторда немесе нақты қондырғыда орындалған программа қамтамасыздандыруы болып келеді. Контроллердің типін және технологиялық есепті таңдау студенттің өзі орындайды. Ерекше жағдайда технология есепті мұғалім беруі мүмкін. Орындалатын жумыс нақты қортынды болғансоң, технологиялық есеп студенттердің ғылыми жумысынан алыну мүмкін, ал жұмыстың қортындысы дипломдық жұмыста немесе конференцияларда қолдануы мүмкін. Технологиялық есептің мысалын берейік.
ПРОЦЕССТІ БАСҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАҢДАУ
Есептік-графикалық жұмыстың орындалу реті:
1. Есепті бейнелеу.
2. Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын жасау.
3. Қажетті құрал қондырғыларды таңдап дәлелдеу .
4. Автоматтандырудың электрлік сұлбасын жасау.
Методикалық нұсқаулар:
1. Есепті бейнелеу дегеніміз, есепті түсіндіретін технологиялық
сұлбаны келтіріп, сол байынша есептің берілгенін дәлелдеу болып келеді.
Есепті дәлелдеу кезінде автоматтандырудың мақсатын ашып жазу қажет.
Есепті бейнелеу
Жалпы сипаттамасы:
Резеңке роликті жабындар мен қалыпталған плиткалар кез-келген көше нысандарын жабдықтау үшін, сондай-ақ ғимарат ішіндегі еден жабыны ретінде қолданылады. Оны қолдану аясы өте кең, ал таңдалған материал негізінен қалыңдығы мен түс дизайнында ерекшеленеді.
Бұл іс жүзінде плиткаларды өндіру процесіне әсер етпейді — бірдей технология қолданылады. Тұтынушылар роликті жабынға емес, плиткаға артықшылық береді, өйткені оны тасымалдау және төсеу оңай, ал жөндеу оңай емес.
Ол кеңінен қолданылады:
- спорт алаңдарында, стадиондарда, корттарда жабын ретінде;
- үй маңындағы аумақта тротуарлар төсеу үшін;
- қала сыртындағы үйлерде, бақтарда, саяжайларда жолдарды жайластыру үшін;
- балалардың ойын алаңдарында, велосипед жолдарында;
- бассейндерді, тоғандарды, жағажайларды абаттандыру кезінде;
- саябақтардағы, демалыс аймақтарындағы, санаторийлердегі жолдар үшін.
[pic 1]
2-сурет. Өндірістік сұлба.
Жұмыс істеу алгоритімі:
- D1 басылса, араластыру үшін арнайы миксер M1 қосылады.
- D2 басылса, кез-келген уақытта өндіріс барысы тоқтайды.
- D3 кнопкасы басылса гидравликалық пресс M2 қосылады.
- A1 қысым датчигі 5 т ұстап тұрады, шарт орындалса К1 ашылады кептіруге жіберіледі. Әйтпесе сигнализация S1 орындайды.
- Кептіру A2 температура датчигімен реттелетін 55-60 С аймағында жүреді және Т1 таймерімен 6 сағат шамасында. Өзге температурада сигнализация орындайды, К2 ашылып температура түседі.
- Т1 уақыт бітісімен М1 миксер өшіп полимеризация процесі басталады, М3 қосылады және Т2 таймері орындалады.
- Таймер бітісімен L1 лампасы процесс бітуін хабарлайды.
Дискретті кірістер(DI): D1, D2, D3
Аналогты кірістер(AI): A1, A2
Дискретті шығыстар(DO): K1, K2, M1, M2, M3, L1, S1
Таймерлер: Т1, Т2
Кірістер:
A1 – қысым датчигі (аналогты );
A2 – температура датчигі (аналогты);
D1 – миксерді қосу батырмасы (1).
D2 – өндірісті өшіру батырмасы (2).
D3 – прессті қосу батырмасы (3)
Шығыстар:
К1, К2 – клапандар;
M1 – миксер;
М2 – пресс;
М3 – полеризация процесі;
L1 – лампа;
S1 – сигнализация.
Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Техникалық сипаттамалар
- Батырмалар
[pic 2]
...