Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электрофорез арқылы ағзаға метронидазол (2-(2-метил-5-нитро-1Н-имидазол-1-ил этанол) ерітіндісін трансдермальды енгізудің эксперименттік нег

Автор:   •  Март 31, 2020  •  Реферат  •  1,715 Слов (7 Страниц)  •  433 Просмотры

Страница 1 из 7

Электрофорез арқылы ағзаға метронидазол (2-(2-метил-5-нитро-1Н-имидазол-1-ил этанол) ерітіндісін трансдермальды енгізудің эксперименттік негіздемесі

Б.Қ. Сапашова

Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Ғылыми жетекші – доцент Шекеева К.К.

Аннотация. Жұмыста метронидазол ерітіндісінің электрофорез әдісін тәжірибелік өңдеу ұсынылған. Осы әдістің артықшылығы - ұсынылған дәрілік препаратты адам ағзасына дәрілік электрофорез көмегімен енгізуге мүмкіндік береді. Бұл басқа мүшелер мен тіндерге препараттың жанама улы әсерлерін азайтады және дәрі-дәрмекті патологиялық ошақта тұндыруды қамтамасыз етеді. Жүргізілген зерттеулер барысында метронидазол ерітіндісі өзінің физикалық-химиялық қасиеттері бойынша электр тогының әсеріне тұрақты екендігі дәлелденді. Эксперименттің нәтижелері метронидазол ерітіндісінің электр өрісінде анодтан катодқа жылжитынын көрсетеді. Ионофорезометрияның өткізілген сеанстары арқасында 15 мА ток күшіндегі 20 минуттық бір электрофорез процедурасында адам терісіне препараттың 8,8% өтетіндігі анықталды, бұл ионофорезометрияның халықаралық стандарттарына сәйкес келеді (5-тен 10% - ға дейін).

Түйін сөздер: электрофорез, метронидазол ерітіндісі, гальванизация, ионофорезометрия.

Аннотация. В работе предложено экспериментальное создание метода электрофореза раствора метронидазола. Преимуществом этого метода является введение предлагаемого лекарственного препарата в организм человека с помощью лекарственного электрофореза. Это снижает побочные токсические эффекты препарата на другие органы и ткани и обеспечивает депонирование лекарства в патологическом очаге. В ходе проведенных исследований представлена устойчивость раствора метронидазола к действию электрического тока. Полученные результаты эксперимента показали, что в электрическом поле раствор метронидазола передвигается от анода к катоду. Проведенные сеансы ионофорезометрии продемонстрировали, что за одну процедуру чрескожного электрофореза в течение 20 минут при силе тока 15 мА в кожу человека проникает 8,8% препарата, что соответствует международным стандартам ионофорезометрии (от 5 до 1 0%).

Ключевые слова: электрофорез, раствор метронидазола, гальванизация, ионофорезометрия.

Abstract. The work shows the experimental creation of the method of electrophoresis of metronidazole solution. The advantage of this method is the introduction of the proposed drug into the human body by an electric current transdermally. This reduces the toxic side effects of the drug on other organs and tissues and ensures a depot of drug in the formation of pathological focus. In the course of the research the stability of metronidazole to the action of electric current is presented. The results of experiment showed that metronidazole moves from the anode to the cathode in the electric field. In one session percutaneous electrophoresis for 20 minutes at a current of 15 mA we proved that 8,8% of the drug goes to penetrate human skin that meets international standards of infortunetly (5 to 10%)7

Key words: electrophoresis, metronidazole, an electric current, ionoforezometria.

Өзектілігі. Метронидазол (2-(2-метил-5-нитро-1Н-имидазол-1-ил этанол) – бактерияға және микробтарға қарсы препарат. Метронидазол өмірлік қажетті және маңызды дәрілік препараттар тізіміне кіреді.

Кіріспе. Метронидазол электрофорезінің әдісін әзірлеу мыналарды қамтыды: 1) сіңіру спектрлерін жазу арқылы препаратты сәйкестендіру мүмкіндігін анықтау; 2) метронидазолдың электр тогына тұрақтылығын анықтау; 3) препараттың электр өрісінде қозғалуын анықтау; 4) метронидазолдың адам терісі арқылы өткізілу дәрежесін анықтау. Зерттеу нәтижесінде метронидазол ерітіндісі электр тогына төзімді екендігі және электр өрісінде препарат анодтан катодқа жылжитындығы анықталды. Ионофорезометрия кезінде трансдермальді электрофорездің бір сеансында адам терісіне препараттың 8,8% өтеді [1].

Гидрохлорид оксибутининнің физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Оның электрофоретикалығы анықталды, электрофорез кезінде қуық тініне дәрінің енуіне талдау жүргізілді. Қуысішілік электрофорез процедурасының оңтайлы параметрлері орнатылды. Детрузорлық гиперактивсіз гипербелсенді қуығы бар 18 науқас тексерілді. Оксибутининнің ішкі электрофорез курсы аптасына 2 рет, 8 процедура өткізілді. Емге дейін және емнен кейін зәр шығару күнделігін жүргізу, зертханалық және ультрадыбыстық тексеру жүргізілді. Күндізгі және түнгі уақытта зәр шығару жиілігінің төмендеуі барлық бақылауларда байқалды. Сондай-ақ, тәуліктік несеп шығарудың орташа санының, императивті шақыру эпизодтарының нақты азаюы, қуықтың орташа тиімді көлемі арттуы байқалды [2].

...

Скачать:   txt (27.4 Kb)   pdf (523.6 Kb)   docx (357.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club