Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы
Автор: d___dariya • Апрель 11, 2021 • Реферат • 2,015 Слов (9 Страниц) • 2,425 Просмотры
Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы.
Химия ғылымы ежелгі заманнан пайда болған ғылым. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртектен басқас) мен олардың қосылыстарын зерттейтін химияны Бейорганикалық химия дейді. Бейорганикалық химия 300 мыңнан асады. Тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарды зерттейтін химияны органикалық химия деп атайды. Органикалық қосылыстар 4 миллионнан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллиоидтық химия, электрохимия, химиятехнология тағы басқа пәндер оқытылады. Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қатысты сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру тағы басқа жатады. Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді. Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдаланып алуан түрлі өнімдер өндіреді. Қазіргі кезде химиялық синтез әдісін пайдаланып, табиғи қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық химия өнімдерін өндіреді. Әсіресе химия өнеркәсібінде технологиялық процестерді жақсарту және жаңа технологиялық әдістерді іске қосу, өнімдердің шығуын сапасын арттырумен бірге қоршаған ортаны қорғауға да зор пайдасын тигізіп отыр. Қазіргі кезде химиялық әдістерді пайдаланып, өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік мөлшерде жүзеге асырылуда. Химиялық реакцияларды пайдаланып, дәрі-дәрмек, тау-кен жұмысына қажетті қопарғыш заттар өндіреді. Мысалы, бір ғана мұнай өнімінен 20 мыңнан астам, ал таскөмірден одан да көп органикалық және минералды заттар алынады.
Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдың тоттануын, судың булануын, қатуын, органикалық заттардың жерді құнарландыратын байқап жүрміз. Бұларды құбылыстар деп атайды. Табиғатта неше түрлі құбылыстар жүреді. Егер құбылыс нәтижесінде заттың пішіні, агрегаттық күйі өзгеретін болса, ол физикалық құбылыс болады. Құбылыс кезінде заттың құрамы өзгеріп, бір заттан жаңа зат түзілсе ол химиялық құбылыс болғаны.
Әлемдік өркениеттің , ғылым мен техниканың қарқындап өсуі, үздіксіз алға жылжуына байланысты химия ғылымының да рөлі барған сайынарта түсуде. Сондықтан ол өзге ғылым салаларымен астасыр, адамзат қоғамының дамуына игі әсерін тигізуде. Ендеше осы заманда ғылыми-техникалық прогрестің көшіне ілесу үшін міндетті түрде химия ғылымынан жан-жақты хабардар болу керек. Химия үздіксіз даму үстіндегі ғылым. Плазмалық, мембраналық, радиациялық технологиялардан бастап, осы заманда конструкциялық материалдарға дейінгі, сондай-ақ стереохимия, органикалық элементті қосылыстар химиясы және халық шаруашылығын химияландыру прогрестің сан алуан саласында кеңінен пайдалануда. Тіпті лазерлік, жартылай өткізгіштік жаңа техникалар жасауда да химияның орны ерекше. Міне, сондықтан химия пәнінен жалпыға білім беретін орта мектеп бағдарламасы бойынша жүйелі, жан-жақты білім алып шығудың маңызы арта түсуде. Химия заттарды және олардың бір-біріне құбылыстарын (реакцияларды) зерттейді. Заттар химиялық элементтерінің атомдарынан түзіледі. Химиялық элемент дегеніміз ядроларының зарядтары бірдей атомдардың бір түрі. Атомдар өздерінен кіші элементар бөлшектерден(протондардан, нейтрондардан, электрондардан) тұрады. Элементтің сандық құрамы атомдардың санын және масса қатынастарын білдіреді. Заттың құрамына кіретін атомдар бір-бірімен молекула түзіп немесе түзбей байланысуы мүмкін.
Химия ғылымының тарихы
Химия да басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтаждығынан туған. XVIII ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғанатанылған. Көп ғалымдар химия әдістерін металургияда, шыны, бояу өндіруде, дәрі жасауда қолданған. Орта ғасырлардағы химияның дамуы кезеңі алхимия дәуірі деп аталады. Алхимиктер жай металдың қасиетін өзгертіп оны алтынға айналдыруға болады, ол үшін «философия тасын» табу керек, өйткені ол кез-келген металды алтынға айналдырады деген. Алхимиктер еңбектері нәтижесінде көптеген маңызды заттар алу әдістері табылды. Ағылшын ғалымы Р. Бойль алхимия қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылыми жолға қоюға тырысты, химиялық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Ол затты ұсақтап бөле берсе құраушы элементтерге жететінін айтты, эксперимент арқылы анализ бен синтездің мәнін дәл анықтады, бірақ сол кезде кең тараған флогистон теориясының негізі қате болды. М.Б. Ломоносов, кейін А. Лавузье реакциязаңын ашып, химияны сапалық ғылымнан сандық ғылымға айналдырды. XIX ғасырда ғана атом-молекула ілімінің негізі қаланды, атомдық салмақтың құрам тұрақтылық заңы мен еселі қатынас заңы ашылуының үлкен маңызы болды.
...