Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Селен топшасы элементтері

Автор:   •  Апрель 21, 2024  •  Реферат  •  2,173 Слов (9 Страниц)  •  100 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

[pic 1]

Факультеті: Химия

Кафедрасы: Бейорганикалық және техникалық

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Селен топшасы элементтері

Орындаған: Амангелді Ырысты          

Тексерді: Рустембеков Кенжебек Тусупович

Қарағанды-2024


Жоспар

Кіріспе. Селен топшасына сипаттама.

Негізгі бөлім:

Селен және оның қосылыстары

Теллур және оның қосылыстары

Полоний және оның қосылыстары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бірімжанов  Б. А. Жалпы химия. – Алматы: ҚазҰУ, 2011

Кіріспе

Соңғы жылдардағы химия, металлургия, машина жасау, радиоэлектроника, авиа және автомобиль жасау, атом өнеркәсібі жене басқа да қазіргі кезең салаларындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері сирек элементтер негізіндегі материалдардың табысты қолданылуына айтарлықтай байланысты. Қазіргі анорганикалык химия мен технологияның ен ірі жоне практикалық тұрғыдан манызды бөлімдерінің бірі Д.И.Менделеевтің периодтық системасында 50-ге жуык элементті кұрайтын сирек жене шашыраңқы элементтер - оның ішінде селен, теллур және полоний химиясы мен технологиясы болып табылады.

Селен топшасына сипаттама

Бұл алтыншы негізгі топтын ішіндегі топша, оған селен, теллур және

полоний жатады. Бұлардың ең ауыры полоний радиоактивті элемент, химиялық жағынан аз зерттелген. Селен мен теллур біріне-бірі ұксас (жетінші негізгі топта бром мен йод сиякты), екінші жағынан күкіртке де көп ұксастығы бар. Олардың электрондык формулалары:

34Se - [Ar] 3d104s24p4,

52Te - [Kr] 4d10525p4,

84Po - [Xe] 4f145d106s26p4

Күкірт сиякты, Se жене Те тотығу дәрежелері - 2, +4 жане +6;

Se(IV) және Te(IV) қосылыстары көбірек тұракты. Se(IV) жане Те(IV)-тін Se(VI) жане Те(VI)-та түрленуі тек күшті тотықтырғыштардын әсерімен ғана мүмкін. Сол сияқты Те(ІІ) және азырак мөлшерде Se(II) косылыстары белгілі; Әсіресе Te (II) комплексті қосылыстар тән.

Екі бөлінбеген электрон жұбы коваленттік байланыс тузілуін, дербес жағдайда аттас атомдармен, тудырады, ол өз кезегінде сақиналы немесе тізбекті молекулалар тузуге және көптеген аллотропиялық модификацияларының өмір сүруіне әкеледі. Селен жане теллур- шашыраңқы элементтер.

1782 жылы Мюллер Зибенбюрген алтын кенінде жаңа металл бар екендігін болжаса, одан 16 жыл өткенде Клапрот оны металл деп бөліп алып, теллур(латыннын теллус - жер) деп атады.

1817жылы Берцелиус күкірт кышкыл зауытының корғасын камераларындағы  шламды зерттегенде, теллурға ұқсас, жаңа элементті бөліп алды және оны селен (грекше - ай) деп атады.

Оларды өнеркәсіптік өндіру 1910 жылдан басталды.

Селен және оның қосылыстары

       Селен (лат. Selenіum; Se) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 34, ат. м. 78,96. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 5106%. Атауы грек. selene — “Ай” деген сөзден шыққан. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. Жасанды жолмен алынған изотоптарының маңыздысы 75Se (T1/2=121 тәулік). С-ді 1817 ж. швед ғалымы Й.Берцелиус (1779 — 1848) ашқан. Минералдары: берцелианит, науманит, клаусталит, халькоменит, керстенит; шашыранды элемент.

      Кристалдық торы гексагоналды (сұр С.), сұр түсті, қатты бейметалл; тығызд. 4,807 г/см3, балқу t 221ӘС, қайнау t 685,3ӘС, 100 — 150ӘС-та сұр S-ге айналатын кубтық және моноклинді түрөзгерістері кездеседі. Қосылыстарында айнымалы, –2,+2,+4,+6 валентті. S-нің буында Se8Se6Se4Se2 қатар болып, сары түсті келеді.

Темп-ра 900ӘС-тан асқанда Se-нің мөлшері әлдеқайда артады. Хим. қасиеттері күкіртке ұқсас. S. қосылыстарының барлығы улы, галогендермен әрекеттесіп SeF6, SeCl4, SeBr4, т.б. қосылыстар түзеді. S-ді күкірт қышқылының өндіріс қалдықтарынан, мысты тазарту кезіндегі анодтағы тұнбадан алады. S.болаттың қасиетін жақсартатын қоспа, оптик. шыны, резина бұйымдары өндірісінде катализатор ретінде қолданылады.

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (225.6 Kb)   docx (753.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club