Нивелирлік жұмыстардың құрамы
Автор: Nurik_01. • Октябрь 23, 2021 • Реферат • 2,777 Слов (12 Страниц) • 640 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «Метрология және Гидрология»
СӨЖ
Тақырыбы: Нивелирлік жұмыстардың құрамы
Орындаған:Сламбек Н.Е.
Қабылдаған: Даудалиева М.
Алматы 2021ж
Жоспар;
- Геометриялық нивелирлеу.
- Нивелирлер.
- Нивелирлік рейкалар.
- Нивелирлерді тексеру мен жөндеулері.
- Қорытынды.
1. Геометриялық нивелирлеу.
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар шарышалықта қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.
Қолданылатын құралдар мен өлшенетін шамаларға тәуелді нивелирлеудің
бірнеше түрі болады:
1. Геометриялық нивелирлеу – горизонталдық нысаналау сәулесі арқылы екі
нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау. Әдетте, оны нивелирдің
көмегімен өлшейді.
2. Тригонометриялық нивелирлеу – ылди келетін нысаналау сәулесі көмегімен екі
нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау. Мұнда салыстырмалы
биіктікті ылдилықтың өлшенген бұрыштың және қашықтықтың функциясы
арқылы анықтайды, өлшеу үшін сәйкес құралдар қолданылады, тахеометр,
кипрегель.
3. Барометрлік нивелирлеу – бұл өлшеудің негізінде жергілікті жерде атмосфералық қысым және нүктелер биіктігінің арасындағы тәуелсіздік жатыр.
4. Аэрорадионивелирование - превышения определяются путем измерения высот полета летательного аппарата радиовысотомером.
5. Механическое нивелирование - выполняется с помощью приборов, устанавливаемых в путеизмерительных вагонах, тележках, автомобилях, которые при движении вычерчивают профиль пройденного пути. Такие приборы называются профилографы.
6. Стереофотограмметрическое нивелирование основано на определении превышения по паре фотоснимков одной и той же местности, полученных из двух точек базиса фотографирования.
7. Серіктестік өлшеулер арқылы салыстырмалы биіктікті анықтау. GNSS жүйелері (Global Navigation Satellites System - Глобальные Навигационные Спутниковые Системы – Әлемдік навигациялық серіктестік жүйелері) жер бетіндегі нүктенің координаталарын және абсолюттік биіктігін анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда АҚШ - GPS (Global Positioning System - глобальная система место определения ), Ресейдің - ГЛОНАСС – Глобальная
Навигационная Спутниковая Система еуропалық «Galilleo» жүйелері қолдану барысында, ал қытайлық «Beidou» деген серіктік жүйесі сынаудан өту барысында.
Жер бетінің кез келген нүктесінің биіктік координатасы оның белгілі бір
деңгейден бастап абсолюттік биіктігі болып келеді. Топографиялық карталарда жер бетіндегі нүктелердің теңіз немесе мұхит деңгейінен абсолюттік биіктігін көрсетеді.
ТМД елдерінде биіктік бойынша нөль метр, немесе бастапқы нүкте ретінде Кронштадттық футштоктың 0 метрі қабылданған. Нүктелердің биіктіктерін екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктігін анықтау арқылы табады. Абсолюттік биіктіктерді анықтау үшін мемлекеттік геодезиялық желісінің пунктері қолданылады.
...