Көмірдең шайырлы заттардын шығымына органикалык еріткіштер мен температуранын Әсерi
Автор: ainur1996 • Сентябрь 2, 2018 • Доклад • 294 Слов (2 Страниц) • 767 Просмотры
ӘОЖ 622.337.4 Куатова А.М. ( Қарағанды, ҚарМТУ)
Ғылыми жетекші – доц. Нагуман П.Н. ( Қарағанды, ҚарМТУ)
КӨМІРДЕН ШАЙЫРЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒЫМЫНА ОРГАНИКАЛЫҚ ЕРІТКІШТЕР МЕН ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІ
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты көмірдің битуминозды заттарын алу үшін көмірді экстракционды қайта өңдеу процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Көміртек материалдарының битуминоздылығын анықтауда Жалын көмір алабының 3 -класының Б маркалы көмірі таңдалды.
Битуминозды шайырлардың экстракционды өндіруін зерттеуде бірінші қадамда келесі сұрақтар шешілді:
- сығынды заттардың жоғары шығымын көмір маркасын анықтау (битуминоздылығы);
- органикалық еріткіш немесе еріткіш қоспасының ең тиімді таңдауы.
Көмір массасына пайызбен есептелетін көмірлі шикі балауызызының (А битумы) сандық шығымы «битуминоздылық» терминімен беріледі. Көміртек материалының битуминозды өнімдегі балауызды және шайырлы құрамы көптеген факторлардың, еріткіш экстракциясында, экстракция жағдайында, шикізат түріне және т.б. қолданылатын ауқымына тәуелді. Балауыз шикізатын алуда бастапқы көміртек материалын құрғақ және дымқыл әдіспен қайта өңдеудің бірнеше тәсілдері анықталды. Зертелген әдістердің ішінде ең тиімдісі болып күшті органикалық еріткіштер (бензол, толуол, бензин, және т.б.) арқылы балауыз шикізат компоненттерінің селективті еруіне негізделген экстракция әдісі болып табылады. Алайда жоғары температурада шикізат құрамында тек балауыз ғана емес, ластанған қоспалардың (шайыр, пигменттер) едәуір санының болғаны табылды.
...