Есебi өндірістік тәжірибе бойынша
Автор: aibol01052001 • Апрель 21, 2022 • Отчет по практике • 2,822 Слов (12 Страниц) • 449 Просмотры
«С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ. БББ: 6B07205- ҚжТМГҚЖжП. Мұнайгаз факультеті. ПЭНГ-19 қ/т [pic 1]
Жұмабек Айбол
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Мұнай факультеті
[pic 2]
- өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
Білім алушы: Жұмабек Айбол
6В07205 – Құрылықта және теңізде мұнай - газ құбырлары және мұнай - газ қоймаларын
жобалау және пайдалану
Тәжірибеден өту орны ____________________________________
Тәжірибенің басталу күні «____» ____________________ 20___ ж.
Тәжірибенің аяқталу күні «____» ____________________ 20___ ж.
Тәжірибеден бойынша есепті тапсыру күні «___» _______20___ ж.
Тәжірибе жетекшісі ________________________ Абдешова Г.Ғ., доцент
Атырау-2021
Мазмұны
№ | Бөлімдер атауы | Бет |
Кіріспе | 3 | |
1 | Мұнай және газ ұңғыларын пайдалану. | 4 |
1.1 | Ұңғы түсінігі | 4 |
1.2 | Ұңғыны пайдалану әдістері | 5 |
2 | Ұңғы түрлері. | 6 |
2.1 | Керн алу | 7 |
3 | Пайдалану кезінде қолданылатын қондырғылар. | 9 |
4 | Ұңғыларды гидродинамикалық зерттеу. | 11 |
Қорытынды | ||
Пайдаланылған әдебиеттер |
Кіріспе
Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланылады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан басталған. 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге енгізілді. Республикадағы мұнай өндіру өнеркәсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркәсіп объектілері және жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шығаратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми зертхана құрылды. Ұзындығы 847 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры мен ҚандыағашГурьев темір жолы іске қосылды. Құлсары кәсіпшілігіне нұсқа сыртынан су айдау және компрессорсыз газ айдау әдістері енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдарының ортасына дейін республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Орта жылдық өнім өндіру 1,5 млн тоннадан аспады. Жалғыз мұнай ауданы Ембі бассейні болды. Манғышлақ түбегінде 50-жылдардың соңында терең барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады, соның нәтижесінде Өзен және Жетібай ірі кен орындары ашылды. 1961 жылы Жетібай кен орнынан бірінші фонтанды ұңғымадан мұнай алынды. Аз уақыт ішінде жаңа кен орындарды игеру басталды. МанғышлақМақат темір жолы салынды. “Мангышлакнефть” кәсіпшілік бірлестігі құрылды, 1965 жылдан бері осы жердегі ашық кен орындарды игеру басталды. Өзен кен орнындағы ең негізгі құрылымдар мұнай құбырлары мен қабат қысымын ұстауға арналған су айдау құрылымдары, Өзен-Жетібай-ГурьевСамара мұнай құбырының бірінші тізбегінің ұзындығы 712 шақырым ӨзенГурьев бөлігі 1969 жылы іске қосылды. Бұл мұнай құбыры парафинді мұнайды алыс арақашықтықтарға тасымалдау мәселесінің бір беткей жаңа шешімі болды. Бозащы түбегіндегі жаңа мұнайлы аймақтарды игеру өнім өндірудің өсуін қамтамасыз етті. Қаражанбас және Қаламқас кен орындары пайдалануға енгізілді. Олардың ерекшелігі өнімді қабаттың терең жатпауы, мұнайының меншікті салмағы және құрамындағы ванадий үлесінің жоғары болуында. Келесі 10 жылдықтағы Манғышлақ және Каспий маңы ойпатындағы пайдалануға берілген кен орындар: Тенге, Тасболат, Шығыс Жетібай, Қаражанбас, Мартыши, Қамысты және т.б. 1975 жылы республикада мұнай өндіру 23,9 млн тоннаға жетті және 1970 жылымен салыстырғанда 1,8 есеге өсті. 1976 жылы Теңіз құрылы- 4 мындағы тұзасты шөгінділерінің өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды және 1979 жылы осы кен орны игеруге енгізілді, бұл кен орны мұнай қоры жағынан дүниежүзіндегі ең ірілерінің бірі болып саналады. Келесі жылдар ішінде Каспий маңы ойпатындағы Жаңажол, Қарашығанақ аймақтарынан тұзасты шөгінділердегі мұнай-газды кен орындар ашылды. 1981-1992 аралығында республикадағы мұнай өндіру жоғары қарқынмен дамыды. 1981 дылғы мұнай өндіру 19,1 млн тоннадан 1992 жылы 25,8 млн тоннаға жетті. Маңызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы және Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды. Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды. Қазақстан Республикасының экономикасы үшін мұнай-газ өнеркәсібінің орны бөлек және өте маңызды болып табылады. Дүниежүзінде жылдан жылға көмірсутектерді тұтыну өсіп келеді, өз кезегінде Қазақстанда мұнай өндіру жыл сайын өсуде; жақын арада мұнай өндіру мөлшерін 100 млн. тоннаға жеткізу міндеті тұр. Мұнай-газ саласында мыңдаған адамдар жұмыс істеп, өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, салаға ірі жетекші шетелдік компаниялар инвестицияларын тартуда. Келтірілген маңызды проблеманы шешу салаға заманауи мамандарды дайындауды, оларды технологиялық және техникалық жетістіктермен таныстыру, өндіріске еңгізуді талап етеді.
...