Буферлік ерітінділерді дайындау және қасиеттерін зерттеу
Автор: Аа Кк • Март 31, 2020 • Лабораторная работа • 494 Слов (2 Страниц) • 866 Просмотры
№.6 Зертханалық жұмыс. Буферлік ерітінділерді дайындау және қасиеттерін зерттеу
Жұмыс мақсаты:
- ацетатты буферлік ерітіндіні дайындау және оның қасиеттерін зерттеу.
- ерітіндінің буферлік сыйымдылығын анықтау.
Реактивтер: НСl ( 0,1 н), NaOH (0,1 н), СН3СООН
(0,1 н), СН3СООNa ( 0,1 н), метилоранж, метил қызыл, фенолфталеин
Аспаптар мен материалдар: бюреткалар, пипеткалар (10 мл), өлшеуіш колба (1 л), конустық колбалар (50 мл), стакандар (50 мл)
Ацетатты буферлік ерітіндіні дайындаңыз және аралас индикатор мен рН-метр арқылы рН анықтаңыз. Қышқыл мен тұздың көлемін есептеу үшін 4.4-тармақта қарастырылатын тәуелділіктерді пайдалана отырып жүргізіңіз.
Әрбір ерітіндіге 1 мл 0,1 н НС l ерітіндісін қосып, рН анықтаңыз. Сірке қышқылы ерітіндісінің рН мәні оның натрий ацетатымен қоспасының рН-нінен неге ерекшеленетінін түсіндіріңіз; СН3СООН-СН3СООН жүйесінде болған процестердің теңдеуін келтіріңіз. Нәтижелерді 6-кестеге енгізіңіз
№ п/п | Ерітінді құрамы | Ерітінді қасиеті | ||||
Еріген зат | көлем, мл | Сэк, моль- экв/л | бастапқы | Қышқылды қосқаннан кейінгі рН | ||
рН (есептелген) | рН(тәж.) | |||||
1 | СН3СООН | 10 | 0,1 | |||
2 | СН3СООН СН3СООNа | 5 5 | 0,1 0,1 | |||
3 | НСl | 0,1 |
Ацетатты буферлік ерітіндіге сілтіні қосу әсерін зерттеңіз. Ацетатты буферлік ерітіндіге және сірке қышқылы ерітіндісіне 1 мл 0,1 н NaOH ерітіндісін қосу әсерін салыстырыңыз. Бұл жағдайда буферлік ерітіндінің әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Нәтижелерді алдыңғы кестеге жазыңыз.
Ацетатты буферлік ерітіндінің және НСl ерітіндісі мысалында буферлік ерітінділердің рН-на сұйылудың әсерін зерттеу, ол үшін екі ерітінді дайындаңыз:
а) 3 мл 0,1 н СН3СООН ерітіндісіне 7 мл 0,1 н СН3СООН ерітіндісін қосыңыз
б) 10 мл 1 н ерітіндісі НСl.
Сұйылту былайша орындаңыз: әрбір зерттелетін ерітіндіні таза пробиркаға 5 мл алыңыз, 5 мл тазартылған суды қосыңыз, жақсылап араластырыңыз
Алынған ерітіндінің рН анықтаңыз және келесі сұйылту жүргізіңіз. Салыстырмалы жүйелердің рН-на сұйылудың әсері туралы қорытындыны тұжырымдаңыз.
...