Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аналитикалық химия І пәнінің негіздері және әдістері

Автор:   •  Март 12, 2023  •  Лекция  •  3,902 Слов (16 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 16

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Экология және химия кафедрасы

                                                Сарбаева Гүльнара Тұрсынбайқызы                              

Білім беру бағдарламасы: 6В01512 – Химия

AH I  2206 «Аналитикалық химия І»  

пәні бойынша лекция сабақтарының тезистері        

Түркістан, 2023

 Лекция тезистері пәнінің оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Кафедраның «   »  20     ж. мәжілісінде талқыланды. (№    хаттама)

Экология және химия кафедрасының

меңгерушісі: х.ғ.к., профессор                                           Нұрділлаева Р.Н.

Факультеттің Академиялық комитет кеңесінің  №,  « » 20ж. мәжілісінде  қаралып, мақұлданды.

Факультеттің Академиялық комитет кеңес төрайымы,

техн.ғ.к., доцент м.а.                                                               __________Ибрагимова Э.Қ.          

№1 Лекция тақырыбы:  Аналитикалық химия І пәнінің негіздері және әдістері

Лекцияның оқыту  нәтижелері:

  1. Білім алушылар аналитикалық химия  пәнінің негіздері және әдістерінің орнымен, әртүрлі химиялық анализ әдістерінің  теориялық негіздерімен танысады
  2. Aнализдің орындалу нәтижесі бойынша бөлшектік және жүйелік анализ әдістерінің тиімділігін қарастырады;

3. Сапалық анализдің ғылым ретінде дамуына шолу жасайды, құрамы белгісіз затты анықтаудың тиімді жолдарын ұсынады

Лекция мазмұны

         Аналитикалық химия – бұл химия және физика ғылымдарының фундаментальды заңдары негізінде қалыптасқанхимия ғылымының бір саласы.

        Жалпы, аналитикалық  химия – заттардың  құрамын сапалық және сандық жағынан анықтайтын әдістер туралы химия  ғылымы.  Бұл пәннің  міндетіне  түрлі  қосылыстардың (химиялық  таза  қосылыстардың,  құймалар мен  ерітінділердің)  химиялық  құрамын  анықтау, олардың  сандық  ара-қатынасын  дәл тұжырымдау жатады. Зат құрамын  анықтау  міндеті  химиялық анализ   жолдарымен,  яғни  зерттелінетін  зат құрамына  енетін  химиялық  элементтер  мен  олардың  қосылыстарын  анықтау арқылы  шешіледі.

       Белгісіз  заттың  құрамын  анықтау  екі  бөлімнен  тұрады:  сапалық  анализ және  сандық  анализ.  Химиялық сапалық  анализ  кезінде  заттың  құрамына  енген  элементтер  анықталса,  ал  сандық  анализ  кезінде  сол заттың  құрамындағы  химиялық элементтердің  және  олардың  қосылыстарының  салмақтық  мөлшері  анықталады. Аналитикалық химияның жетістіктері өндірістің атомдық энергетика, ракета жасау, электроника және т.б. салаларында кеңінен қолданылады. Аналитикалық химия осы өндіріс салаларын тиімді анализ әдістерімен қамтамасыз етіп, көптеген жаңа технологиялық процестерді жасауға негіз болуда. Қоршаған ортаның күйін, оның ластануын бақылау, технологиялық тастанды заттардың, ағызынды сулардың  құрамын анықтауда аналитикалық химияның орны ерекше. Қазақстанда және басқа да елдерде қоршаған орта обьектілерінің ластану дәрежесін бақылау және тексеруге арналған жалпы мемлекеттік арнайы қызмет ұйымдастырылған. Бұл қызмет ауаның, топырақтың, өзен және теңіз суларының ластануын қадағалайды. Байқау обьектілеріне сондай-ақ атмосфералық жауын-шашындар, ауыз су, тағамдық өнімдер де кіреді. Ауаның, судың және топырақтың сапалық критерийлері ретінде ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті мүмкін концентрациялары (ШМК) алынады.

          Қазіргі  заманғы  аналитикалық  химия үш  бөлімнен  тұрады:  сапалық  химиялық анализ,  сандық  химиялық  анализ  және  инструментальды   (физикалық  және  физика-химиялық)  анализ  әдістері. Соңғы  бөлімді  аналитикалық химияның  жеке  бөлімі  ретінде  қарастыру  біршама  дәрежеде  шартты  сипатқа  ие,  өйткені  бұл  әдістердің   көмегімен  сапалық  та,  сандық та  анализдің  міндеттері  шешіледі.

        Сапалық  химиялық  анализ – бұл  зерттелінетін  зат құрамындағы  химиялық  элементтерді,  иондарды,  атомдар мен атомдар  тобын  және  молекулаларды  анықтау  деген  сөз.

...

Скачать:   txt (40.2 Kb)   pdf (532.2 Kb)   docx (392.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club