Табиғи және техногендік электрмагниттік сәулелену иондаушы сәулеленудің биологиялық объектілерге әсер етуінің биомолекулярлық зақымда
Автор: Айкен Нұрпейсов • Сентябрь 27, 2022 • Курсовая работа • 2,220 Слов (9 Страниц) • 222 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика-техникалық факультеті
[pic 1]
Жобалық жұмыс тақырыбы:
Табиғи және техногендік электрмагниттік сәулелену иондаушы сәулеленудің биологиялық объектілерге әсер етуінің биомолекулярлық зақымдану кезеңі
Орындаған: Нұрпейсов Айкен ЯФ-307
Тексерген: Дьячков В.В.
Алматы, 2020 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Табиғи және техногендік электрмагниттік сәулелену
- Иондаушы сәулеленудің биологиялық объектілерге әсер етуінің биомолекулярлық зақымдану кезеңі
- Экспозициялық дозаны анықтау
- Қорытынды:
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жер биосферасы үшін барлық тірі ағзалар жоғарғы энергетикалық γ - кванттардан төмен жиілікті радиотолқындарға дейінгі аралықта сәулелену әлемінде тіршілік етеді және дамиды. Жер биосферасы үшін сәулелену ортасы: 1) бұл энергия көзі; 2) бұл ақпарат алудың тәсілі; 3) бұл өзгергіштіктің маңызды факторы.
Иондаушы сәулелену — бұл радиоактивті ыдырау, ядролық айналу, ядролық бөлшектердің заттағы тежелуі кезінде түзілетін және орталардың иондануын тікелей немесе жанама тудыруға қабілетті кез келген сәулелену — зарядталған атомдардың немесе молекулалардың түзілуі.
Біз электромагнитті сәулелену және әртүрлі шамалар өрістері мен күштер толығымен енген толқындық, электромагнитті әлемде өмір сүреміз. Барлық заттар өзінің құрылысы мен қасиеттеріне байланысты электромагнитті өрістің әсерінен оң немесе теріс заряд алады, біртіндеп оны жинақтайды немесе электронейтральды болып қалады. Электромагниттік сәуленің әсері адамға үнемі әсер етеді! Электр өрісі айнымалы магнит өрісімен, ал магнит өрісі айнымалы электр өрісімен құрылады, электр және магнит өрістері бір-бірінсіз жеке пайда бола алмайды. Қозғалмайтын немесе бірқалыпты қозғалатын зарядталған бөлшектердің электромагниттік өрісі бөлшектермен тікелей байланысты. Бұл зарядталған бөлшектердің жедел қозғалысы кезінде электромагниттік өріс олардан «бөлінеді» және электрмагниттік толқындардың түріне қарамастан жоғалмайды.
Адам ғарыштық және жердегі табиғи көздерден иондаушы сәулеленудің әсеріне радиоизотоптық, ядролық-энергетикалық және ядролық-күштік қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету, радионуклидтер мен т.б. тасымалдау кезінде ұшырайды.
- Табиғи және техногендік электрмагниттік сәулелену
Электромагнитті сәулелену-бұл магнит немесе электр өрісінің ұйытқуы кезінде пайда болатын электромагнитті толқындар. Қазіргі физика бұл процесті корпускулалық-толқындық дуализм теориясы шеңберінде түсіндіреді. Сонымен қатар, электрмагниттік сәулеленудің ең аз үлесі квант болып табылады, бірақ оның негізгі сипаттамаларын анықтайтын жиілік-толқындық қасиеттері бар. Электромагниттік өрістің сәулелену жиіліктерінің спектрі оны келесі түрлерге жіктеуге мүмкіндік береді:
- радиожиілікті (радиотолқындар жатады);
- жылулық (инфрақызыл);
- оптикалық (яғни көзге көрінетін);
- ультракүлгін спектрдегі сәулелену және қатты (ионизацияланған).
Электрмагниттік сәулеленуді өз кезегінде табиғи және техногенді деп бөлуге болады:
Табиғи электрмагниттік сәулелену - бұл табиғи объектілерден шығатын және адам үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз сәулелену. Олар: күн, планеталар, адамдар мен жануарлардың денелері, өсімдіктер,минералдар. Тіпті адам денесіндегі әрбір органның өзіне тән өрісі мен сәулеленуі бар. Табиғи өрістер патогенді, яғни адам үшін зиянды болуы мүмкін! Барлық физикалық денелер, абсолюттік нөлден жоғары температурада электромагниттік өріс бар!
...