Құлақтың есiту табалдырығының спектральдық сипаттамасын алу
Автор: khalidashh • Май 8, 2019 • Реферат • 1,280 Слов (6 Страниц) • 633 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Құлақтың есiту табалдырығының спектральдық сипаттамасын алу.
Орындаған: Шер Мухаммад Халида
Тобы: ФӨТҚБ-03-18
Қабылдаған: Махамбетова Мария
Шымкент 2019
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Менің жұмысымның негізгі мақсаты студенттердi аудиометрдiң құрылысымен таныстыру, оларға құлақтың есiту табалдырығын табуды, аудиограмма салуды және оны талдауды үйрету болып табылады. Сонымен қатар осы тақырыпты оқу барысында кез келген студент адам құлағының есiту мүмкiндiгiн анықтайтын әдiстi аудиометрия деп атайтынын, аудиометрияда арнайы құрал – аудиометрдiң көмегiмен әртүрлi дыбыс жиiлiгiне сәйкес келетiн есiту табалдырығы анықталатынын ескере алады. Алынған нүктелердiң жиыны құлақтың есiту табалдырығының спектральды сипаттамасы немесе аудиограмма деп аталады. Аудиограмманың қалыпты жағдайдан ауытқуын зерттей отырып, адамның ауруға шалдыққан есiту органдарына диагноз жасауға болатын түсіне алады.
МА-31 аудиометрі эксперименттік мақсаттарда және зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдаланылады.
Науқаспен байланыс тек қондырылған микрофон арқылы орындалуы тиіс, онсыз тест жүргізуде ауытқулар болуы мүмкін. Науқасты құралдың баптау жүйелерін көрмейтіндей етіп орналастыру керек. Науқасқа науқас пернесын беріп, оған тек “үн” естілгенде ғана басу керектігін түсіндіру керек. Оң құлаққа жасыл, сол құлаққа қызыл телефоны кигізіледі. Осындай ретпен дайындалған құрал өшіру (–) тетігі арқылы қосылады және 30 секундтан кейін құрал жұмысқа дайын болады.
Құралдың негізгі мақсаты зерттелетін құлақ үшін өлшенетін сигналды 1-ші каналға қосып реттеуге болады, бұл кезде жоғарыда айтылған орындалу 2-ші канал арқылы жүргізіледі “оң-сол” ауыстырғышы тетігі көмегімен өлшенетін құлақ таңдалатындығында.
Негізгі бөлім
Көп жағдайларда реттегiштi қозғалта отырып дыбыс жиілігін, телефон арқылы науқастың құлағына анық естiлетiндей дыбыс беру қажет. Науқастан “дыбысты естiдiм” деген жауап алғаннан соң (осы сәтте “жауап – ответ” шамы жануы керек), жиiлiктi толығымен естiмегенше кемiте берген дұрыс. Осылайша дыбыс интенсивтiлiгiн әрбiр 10 дБ шамаға өзгерте отырып, науқастың телефон арқылы еститiн дыбысының ең минималды интенсивтiлiгiн және соған сай келетiн ауыстырып қосқыштың орнын белгiлеуіміз керек. Ол үшiн планкалардың қиылысқан жерiне қарандашпен аудиограмма қағазының үстiне нүктенi белгiлеу керек. Жиiлiктi ауыстырып қосқышты жиiлiктiң келесi мәнiне келтiрiп, соған сәйкес келетiн есiту табалдырығын анықтау керек. Осылайша дыбыс жиiлiгiнiң мәндерiн 0,125-8 кГц аралығында өзгерте отырып, жиiлiктiң әрбiр мәнiне сәйкес келетiн есiту табалдырығын анықтау керек (анықталған мәндердi төмендегi кестеге жаз). Нәтижесiнде алынған нүктелер жиiлiктердiң мәндерiне сәйкес келетiн есiту табалдырығы болып табылады.
Жиiлiктi әрбiр мәндерiне сәйкес, бiр құлақ үшiн есiту табалдырықтарын сипаттайтын нүктелердi сызықпен қосқанда, аудиограмма алынады. Бұл сызықтарды түрлi-түстi қаламмен жүргiзген ыңғайлы болады. Жоғарыда көрсетiлген рет бойынша екiншi құлақтың аудиограммасын алу керек. Егер бiр құлақтың есiту қабiлетi екiншi құлақтың есiту қабiлетiнен 40 дБ шамаға артық болса, онда нашар еститiн құлаққа ауа, бас сүйегi мен ұлпа арқылы естiлетiн болады. Осы кезде өлшеу қателiгi де жоғары болады. Осыны болдырмау үшiн сезiмталдығы едәуiр жоғары құлаққа телефон арқылы қосымша шуыл беру қажет. Қосымша шуылдың интенсивтiлiгi “ауыстырып қосқыш” арқылы реттелiп отырады.
...