Электр сыйымдылығы. Конденсатор. Электр өрісінің энергиясы
Автор: Гүлфайруз Ондасын • Декабрь 25, 2018 • Лекция • 1,031 Слов (5 Страниц) • 2,700 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Электр сыйымдылығы. Конденсатор. Электр өрісінің энергиясы
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Электр сыйымдылығы, конденсатор және электр өрісінің энергиясы туралы түсіндіру
Дамытушылық: Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқытудың технологиясы: НЗМ іс-тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша
Болжам етілетін нәтиже: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті қажеттілік барысында пайдалану
II блок «Сабақтың жабдықталуы»
Таратпа материалдар: үлестірме парақтар
Негізгі әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кеш В.И., Қойшыбаев Н. Физика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық. Алматы: Мектеп,2006
Б.С. Арызханов Физика : Алматы, мектеп, 1986
Қ.Аққошқарова, Н.Қойшыбаев физика: Теория.Есептер мен тест сұрақтары және оны щещу жолдары, Алматы, Атамұра, 2006
III блок «Ұйымдастыру-рефлексиялық»
І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
-Студенттермен амандасу
-Студенттерді түгендеу
-Сабаққа назарын аудару
ІІ. Сабақтың тақырыбы
Мақсаттың қойылуы:
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Жер бетіндегі электр өрісінің кернеулігі 130В/м. Жердің толық зарядын анықтаңыз.(ε=1, k=9·109 Н·м2/Кл2, r=6,4·106 м) (ж: 6·105 Кл)
- Радиусы 3 см металл шарға 5 нКл заряд берілді. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігі неге тең? (ж: 50000 В/м)
- 8 нКл зарядтан 3 см қашықтықта өрістің кернеулігі 10 кВ/м-ге тең. Сұйықтың диэлектрлік өтімділігі: (ж: 8)
Жаңа білімді меңгерту
Жаңа сабақтың мақсаты
- Электрсыйымдылық
- Конденсатор
- Электр өрісінің энергиясы
С коэффициентінің физикалық мағынасы: өткізгіштің потенциалы 1 В болу үшін оған қандай заряд беру қажеттігін көрсетеді. Оны өткізгіштің электрсыйымдылығы деп атайды.
Зерттеулер өткізгіштің электрсыйымдылығы өткізгіштің өлшемі мен пішініне және сыртқы жағдайларға тәуелді екенін көрсетті.
Өткізгіштің электрсыйымдылығы осы өткізгіштің потенциалын бір бірлікке арттыруға қажетті заряд мөлшерімен өлшенеді
(1)[pic 1]
Электрсыйымдылықтың бірлігі
С= q/φ = 1Кл/В = Ф
SI жүйесінде электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі ретінде фарад алынған. Фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы болып табылады.
Шардың электрсыйымдылығы (1)-ші формуладан
[pic 2]
Зарядталған шардың потенциалы
[pic 3]
формуласымен анықталады. мәнін (1) формулаға қойып, [pic 4]
немесе (2)[pic 5][pic 6]
аламыз . Сонымен , оқшауланған өткізгіш шардың электрсыйымдылығы оның радиусына тура пропорционал.
Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе конденсатор (лат. – қоюлату, жинақтау) деп аталады.
SI жүйесінде жазық конденсатордың сыйымдылығын
(3) [pic 7]
формуласы бойынша есептеуге болады.
С – электрсыйымдылық
S – пластинканың бір жағының ауданы
– электрлік тұрақты[pic 8]
...