Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электротехника және өндiрiстiк электроника

Автор:   •  Август 24, 2020  •  Анализ учебного пособия  •  8,992 Слов (36 Страниц)  •  676 Просмотры

Страница 1 из 36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭЛЕКТРОНИКА

                                                                      I БӨЛІМ

 

ПАВЛОДАР  - 2006

АЛҒЫ СӨЗ

Қоғамымыздың материалдық және   техникалық   базасын жасаудың    басты бағыты өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығындағы техникалық,   прогрестің негізі — болып отырған электрлендіруді интенсивті қарқынмен дамыту болып табылады.

Электротехника — электр және магнит құбылыстарын практикалық мақсатқa қолдану тәсілдерін зерттейін ғылым.

Электротехниканың ең маңызды салаларының бipi — электроэнергетика. Электроэнергетика электр энергиясын (басқа энергия түрлерінен) өндіру энергияны алыс қашықтықтарға жеткізу, оны тұтынушылар арасында үлестіру және электр энергнясын 6aсқa энергия түрлеріне — механикалық, жылулық, химиялық т. б. айналдыру мәселелерін қарайды.

Электроника — вакуум, газ, тағы басқа орталардағы электр құбылыстарын пайдалануға негізделген электротехника тарауы. Электроника электр энергиясын түрлендіру, станоктар мен үздіксіз линияларды басқару және оларды бақылау жұмыстарын атқаратын аппаратурада электрондық шамдардын, шала өткізгіш және иондық аспаптардың, фотоэлементтердін, күн батареяларының т. б. құрылғылардың техникалық пайдалану мәселелерін қарастырады.

Егер электрониканың пайда болғанына ондаған жылдар ғана өтсе, ал электр техникасы мен электр энергетикасының пайда болғанына едәуір мерзім өтіп отыр.

Кәзіргі уақытта электрлендіру негізінде өндіріс процестерін комплексті   механикаландыру мен автоматтандыру кенінен енгізіліп отыр. Электр   технология саласы, электр жылулық және электролиздік жолмен металдарды алу және оларды  өндеу қарқынды дамуда. Әр жыл сайын жаңадан әр түрлі машиналардың автоматтық линиялары,   цехтар мен   завод-автоматтар   іске қосылуда.   Электр энeprиясы көмегімен металдар пісіріліп, жоғары   жиілікті токтар мен   болаттар шыңдалуда.        

Қазіргі электроника есептеуіш машиналарына, әр түрлі автоматтарға, өндіріс процестерін автоматтандыратын және оларды бақылайтын жүйелерге қажетті шағын (миниатюралық) кұрылғылар (микросхемалар) алуға мүмкіндік туғызып отыр.

Өндірістік және технологиялық процестерді автоматтандыру электрондық шала өткізгіштік және иондық аспаптарды кеңінен қолдану арқылы жүргізіледі. Олар осы процестерді реттеуге бақылау және басқаруға арналған.

Электронды есептегіш машиналарының қарқынды дамуы автоматтық басқару жүйелерін жетілдіруге және халық шаруашылығына аса қажетті ғылыми, экономикалық т. б. есептерді шешуге мүмкіндік береді. Информацияны алуға, өндеуге, жеткізіп беруге және кескіндеуге арналған электр техникасы кұрылғылары автоматтың басқару жүйелері техникалық құралдарының маңызды элементтері болып табылады.

...

Скачать:   txt (70.7 Kb)   pdf (3.3 Mb)   docx (2.3 Mb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club