Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Реферат  •  2,893 Слов (12 Страниц)  •  1,899 Просмотры

Страница 1 из 12

Жоспар

1.Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ)

1.1. Штангалы сорапты қондырғының жұмыс істеу приципі

1.1.2. Жер үсті жəне жер асты жабдығы

1.1.3. Тереңдік сораптың толу жəне берілу коэффициенттері

1.2. Батырмалы ортадан тепкіш электрсораптармен  ұңғыларды пайдалану

1.2.1. Батырмалы электр ортадан тепкіш сорап           қондырғысының үлгісі

1.2.2.  Қолданылатын жабдықтар

      1.Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ).

      1.1. Штангалы сорапты қондырғының жұмыс істеу приципі

Штангалы ұңғымалы сораптар (ШҰС) көмірсутекті сұйықтарды (сулануы 99%-ға, абсолютті тұтқырлығы 100 Па·c-қа, механикалық қоспалары 0,5%-ға, қабылдауындағы еркін газ 25%-ға, күкіртті сутек 0,1%-ға, судың минералдылығы 10г/л-ге жəне температурасы 130оС-ге дейін) сорып жер бетіне шығаруға арналған.

ТМД елдерінің (бүкіл мұнай өндіру көлемінің 16,3%-на таман) əрекет ететін ұңғымалар қорының 2/3 бөлігі (66%) ШҰСҚ-мен игеріледі. Ұңғыма шығымы тəулігіне 10 кг-нан бірнеше тоннаны құрайды. Сораптарды ондаған метрден           3000 м-ге дейінгі тереңдікке, ал кейбір ұңғымаларда 3200-3400 м тереңдікке  түсіреді.  

Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ):

  • жер үсті жабдығы: теңселмелі-станок (СК), саға жабдығы;  
  • жер асты жабдығы: сорапты-компрессорлы құбырлар (СКҚ), сорапты штангілер (СШ), штангалы ұңғымалы сорап (ШҰС) жəне қиын жағдайларда қондырғының жұмысын жақсартатын түрлі қорғаныс құрылғылар.

Ұңғымада плунжерлі немесе поршеньді сорап орнатылады. Ол штангалар тізбегі арқылы жер үсті жетегінің көмегімен қозғалысқа келтіріледі.

Штангалы тереңге түсірілетін сорапты қондырғы (3.1- сурет) ұңғымалы сораптан (салынатын немесе салынбайтын типті), сорапты штангалардан, планшайбаға немесе құбырлы алқаға ілінген сорапты-компрессорлы құбырлардан, сальникті тығыздауыштан,         сальникті         (жылтыратылған)         штоктан, теңселмелі-станоктан, фунтаменттен жəне үштармақтан (саға жабдығы) тұрады. Ұңғымалы сораптың қабылдауында газды немесе құмды фильтр түрінде қорғаныс тетігі орнатылады.

Бірақ түсіру тереңдігінің шектелуі жəне мұнай шығымының аз болуы штангалы сораптардың кемшілігі болып табылады.

 Сораптың жұмыс істеу принципі.

 Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде сору клапаны 13 сұйықтың əсерінен ашылып, соның нəтижесінде сұйық сорап цилиндріне өтеді. Осы кезде тоғыту клапаны 10 сорапты құбырдағы сұйық бағанасы қысымы əсерінен жабық тұрады.

3.1-сурет. Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғының (ШҰСҚ) сұлбасы[pic 1]

1 – СКҚ, 2 – штангалар тізбегі; 3 – саға жабдығы; 4 – балансир басы;

5 – балансир, 6 – тіреу; 7 – редуктор;

8– электрқозғалтқыш;

9– тереңдік сорап; 10 – тоғыту клапаны; 11 – плунжер;12 – пайдалану тізбегі; 13 – қабылдағыш (сорғыш) клапан

 

        Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде плунжер астындағы сұйық қысымы əсерінен сору клапаны 13 жабылады, ал тоғыту клапаны 10 ашылып, сұйық цилиндрден плунжер үсті кеңістігіне өтеді.

1.1.2. Жер үсті жəне жер асты жабдығы

 Жер үсті жабдығы

Сорапты ұңғымалардың саға жабдығы құбыраралық кеңістікті, СКҚ-ң ішкі қуысын саңылаусыздандыруға, ұңғыма өнімін бұруға (отвод) жəне СКҚ тізбегін ілуге арналған (3.2- сурет).

Саға жабдығы саға сальнигінен, үштармақтан, айқастырмадан, тиекті краннан жəне кері клапандардан тұрады.

Саға сальнигі сальник басы көмегімен жылтыратылған штоктың шығысын саңылаусыздандырады жəне өнімнің үштармақ арқылы өтуін қамтамассыз етеді. Үштармақ СКҚ муфтасына бұралады. Шарлы қосылыс сальникті штоктың СКҚ осімен сəйкес келмеген жағдайдағы сальник басының өздігінен қондырылуын қамтамассыз етеді, тығыздауыштың (набивка) біржақты тозуын болдырмайды жəне тығыздауышты ауыстыруды жеңілдетеді.

...

Скачать:   txt (36.1 Kb)   pdf (382.8 Kb)   docx (275.3 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club