Дәріс курсы «Энергетика және радиоэлектроника»
Автор: Нурдаулет Сандибек • Декабрь 20, 2020 • Курс лекций • 7,345 Слов (30 Страниц) • 608 Просмотры
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ[pic 1]
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АУБАКИРОВА Г.Ф
«АҚПАРАТТЫҚ ӨЛШЕУІШ ТЕХНИКАСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
Мамандық: 5B071800 ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Петропавл қ.
2020 ж.
Дәріс курсы «Энергетика және радиоэлектроника» кафедра мәжілісінде бекітілген
[pic 2]
МАЗМҰНЫ
1 тақырып. Кіріспе. Өлшеуіш сигналдар. Өлшеудің түрлері. Өлшеудің әдістері 2. тақырып. Электр шамаларының өлшемдері 3 тақырып. Өлшеу қателіктері. Жүйелік қателіктері 4 тақырып. Өлшеу қателіктері. Кездейсоқ қателіктері | |
5 тақырып. Өлшеу қателіктері Дөрекі қателік. Статистикалық өлшеу қателігі. Динамикалық өлшеу қателігі. | |
6 тақырып. Өлшеу құралдарының түрлері. Электрлік өлшеудің құралдары. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері Өлшеу құралдарының шкаласы | |
7 тақырып. Ток пен кернеуді өлшеу. Ток өлшеу әдістері. Кернеу өлшеу әдістері | |
8 тақырып. Электромеханикалық амперметрлер мен вольтметрлер. Амперметрлер. Вольтметрлер | |
9 тақырып. Ақпараттық өлшеу жүйелерінің анықтамалары мен классификациясы. Ақпараттық өлшеу жүйелерінің құрылымы | |
10 тақырып. Ақпараттық өлшеу жүйелері. Цифрлік техника элементтері | |
11 тақырып Ақпараттық өлшеу жүйелерінің анықтамалары мен классификациясы. Ақпараттық өлшеу жүйелерінің құрылымы | |
12 тақырып. Ток түрлендіргіштері. Тұрақты ток түрлендіргіштері. Айнымалы ток түрлендіргіштері. | |
13 тақырып. Кернеу түрлендіргіштері. Тұрақты кернеулерді түрлендіргіштер.Айнымалы кернеу түрлендіргіштері | |
14 тақырып. Электромагнитті түрлендіргіштер. Индуктивтік түрлендіргіштер | |
15 тақырып. Электростатикалық түрлендіргіштер. Индукциялық түрлендіргіштер |
ДС1 Кіріспе. Өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеудің әдістері
Ақпаратты - өлшегіш техникасы адамзат өмірінде маңызды және үздіксіз өсетін мәнге ие. Ол адамға немесе машинаға әр түрлі ақпаратты басты түрде жинау, өңдеу, өткізу, сақтау берумен байланысты көптеген мәселелерді шешеді.
Өлшеу құралдары мен әдістерінің қажетті дамуынсыз, ғылым мен техниканың дамуы мүмкін емес.
Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
"Өлшеу " туралы түсінік әр түрлі ғылымдарда кездеседі (физикада, химияда, математикада және т.б), әрқайсысында ол әр түрліше айтылуы мүмкін. Өлшеулер туралы ғылым физикалық шамалардың өзгеру теориясын қарастырады, өлшеулердің амал тәсілдері, өлшеу нәтижелерінің өңдеу әлістері және олардың нақтылығын бағалау [2]. Физикалық өлшемдердің өлшеу облысында терминдер мен анықтамалар стандарттпен белгіленеді. Физикалық өлшемдерді өлшеудің негізгі түсініктемелерін қарастырайық.
"Өлшеу" туралы бірнеше анықтама бар. Көбінің айтуынша, өлшеу – бұл ақпарат алу процессі, демек өлшеу нәтижесі өлшеулі ақпаратты алу болып табылатын, өзімен бірге ақпаратты процессті көрсетеді
Өлшегіш ақпарат – бұл объект параметрлерін өлшеммен салыстыру ақылы, тәжірибелі жолмен алынатын материалды объекті жағдайының мөлшерлі бағасы.
Өлшегіш ақпарат санды формада көрсетіліп және кейінірек оператормен немесе осы ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау арналған автоматты жүйемен қолданылады.
ГОСТ 16263-70-қа сәйкес өлшеу деп тәжірибелі жолмен арнайы техникалық құралдар көмегімен физикалық өлшем мәнің анықтау аталады.
...