Грек классикасы мәдениеті
Автор: 01Ary • Ноябрь 21, 2018 • Реферат • 2,877 Слов (12 Страниц) • 907 Просмотры
Жоспар:
Кіріспе............................................................................................................. Негізгі бөлім.................................................................................................. 1.Грек классикасы мәдениеті (б.з.д V-IV).......................................................
2.Грек классикасы мәдениеті ( б.з IV-I) .....................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................
Кіріспе
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. АНТИК -( көне, ежелгі) деген ұғымды білдіреді. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді италиян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолдаған. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Европаның барлық халықтары өнерінің көркем әдебиетінің, философияның, театрының және дамуына саяси құқықтық қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп көркемділік пен қарапайымдылық , шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің даңқты мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Негізгі бөлім
«Көне», «кадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уакытвн қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздын V-ғасырда Рим импсриясының қүлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихыньң қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Соңдықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді,өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығьн айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени казынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттін жарқьн беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оньң бастауында б.з.д. III—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас.Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандыктан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстін туғаң жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алыш келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, кұтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал калаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыкқа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаньң баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осьн-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларьньң еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
...