Вакуумды өлшеудің сұйық және деформациялық әдістері. Газ ағынын өлшеу әдістері
Автор: inkar07.07 • Апрель 4, 2020 • Реферат • 736 Слов (3 Страниц) • 1,160 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
Факультеті: Физика-техникалық
Кафедрасы: Жылуфизика және техникалық физика
СӨЖ
Тақырыбы: Вакуумды өлшеудің сұйық және деформациялық әдістері. Газ ағынын өлшеу әдістері
Орындаған: Бекмурзина И.М СиС-343
Тексерген: Мукамеденқызы В.
Алматы 2020
Вакуумды өлшеу әдістері вакуумдық электрониканың тәуелсіз бөлімі болып табылады. Қазіргі вакуумдық техникада қолданылатын қысым диапазоны: 10 ... 10-12 Па. Осындай кең диапазонда қысым өлшеуді бір ғана құрылғымен жүргізу мүмкін емес, сондықтан бір-бірінен әрекет ету принципі және дәлдік класымен ерекшеленетін әртүрлі түрлендіргіштер қолданылады. Вакуумдық өлшеуіштерді келесі түрлері болады:гидростатикалық, деформациялық, компрессионды, жылулық, электрлік,магниттік және радиоизотоптық.
Өлшеу әдісіне сәйкес вакуумдық өлшеуіштерді абсолютті және салыстырмалы деп бөлуге болады.Абсолютті құралдардың көрсетуі газ түріне тәуелді емес және оны динамометрлік құрылғылар бойынша градуирлеу арқылы алуға болады.
Абсолютті вакуум өлшегіштерге сұйықтықты, компрессионды және деформациялық жатады.
Салыстырмалы вакуум өлшегіштерде вакуумда өтіп жатқан физикалық процестердің кейбір параметрлерінің қысымнан тәуелділігі қолданылады.Олар үлгілік құрылғылар бойынша градуирлеуді қажет етеді. Қысымды өлшеу газдың түріне және температурасына байланысты болады.
Сұйық манометрлер.Манометрдің бұл түрінде алынған қысым
немесе қысымдар айырымының көрсеткіші сұйықтық бағанының көрсеткішімен теңестіріледі. Өлшеудің сұйықтықты құралдарының
әрекеті гидростатикалық принципке негізделген.
Қысым өлшегіштердің жұмыс сұйықтығы ретінде сынап немесе бу қысымы төмен майлар қолданылады, Май қолданылатын қысым өлшейтін құралдар үлкен сезімталдыққа ие болады, дегенмен, май жұмыс істегенге дейін газдарды жақсы ерітетін болғандықтан оны мұқият газсыздандыру қажет. Сынап манометрлерінің өлшеу шегі (105-103) Па, май үшін -(105-100) Па. 1 Па-дан төмен қысымдарды өлшеу үшін сұйықтық қысым өлшегіштері дәлдігі төмен және көлемді болғандықтан жарамайды.
...