Құбыр ақаулары мен жөндеу әдістері
Автор: Maira • Февраль 26, 2022 • Практическая работа • 1,729 Слов (7 Страниц) • 341 Просмотры
Пәні: «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу»
Өткізу мерзімі:
Тақырыбы: «Құбыр ақаулары мен жөндеу әдістері»
Тобы:
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жаңа тақырып бойынша түсіндіру, мұнай –газ магистральдық құбырлардың ақауларының түрлері, ақаудың пайда болуына әсер ететін фактор және құбырды жөндеу әдіс тәсілімен таныстырып, сипаттама беру
Білімділік: Студенттердің өз жетістіктерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Студенттердің өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету
Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері: CLIL әдісі бойынша жаңа терминдерді үйрену;
Сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ізденіс әдісі, ой шақыру
Сабақта өткізілетін
өзіндік жұмыстардың
түрлері: Презентация, Видеофильм, «Padlet», «LearningApps», «Quizlet», «Nearpod», «Quizizz» бағдарламалары арқылы тапсырмаларды орындау және «Еdpuzzle» бағдарламасы арқылы бейнероликті талқылау. LearningApps бағдарламасы арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы «Миллион кімге бұйырады?» ойыны, CLIL әдісі бойынша жаңа термин сөздерді ағылшын тілінде айтып үйрену.
Техникалық оқыту
құралдары және
көрнекіліктер: Кеспе қағаздары, слайд, компьютер, мультимедиялық тақта, маркерлі тақта, үлестірме материалдары
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
2. Өткен тақырыпты қайталау (15 мин)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (35 мин)
4. Жаңа материалдарды бекіту (25 мин)
5. Бағалау (5 мин)
6. Үйге тапсырма беру (5 мин)
I. Ұйымдастыру кезеңі (Бұл кезеңде студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысты түгендеу және құрал-жабдықтары тексеріледі, 5-мин)
II. Өткен тақырыпты қайталау, 15-мин (Бұл кезеңде студенттердің назарын пәнге аудару бағытында студенттерге өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылады)
1) LearningApps программасы арқылы «Жер үсті және жер асты құбыр жолдарының ерекшеліктері?» https://learningapps.org/display?v=pqe1b3kvn21 сұрақ-жауап ойыны;
2) LearningApps программасы арқылы «Технологиялық құбырларды салу кезіндегі негізгі технологиялық операциялар» https://learningapps.org/watch?v=ptx3n60vc20 ретімен орналастыру;
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру, 35 мин (Жаңа тақырыпта түсіндіру барысында мультимедиялық экранды қолданып, презентацялық мәлімет беріледі, жабдықтардың құрылысы көрсетілген суреттері, үлестірмелі материалдар мен қосымша мәліметтер беріледі)
Жоспары:
1. Құбыр ақауларының жіктелуі
2. Құбыр ақауларын жөндеу әдістері
3. Жер асты құбырын күрделі жөндеу
4. Күрделі жөндеу түрлері
Құбырларда пайда болған ақауларды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Жобалық орналасуынан құбыр орналасуының ауытқуы бар ақаулар;
2. Құбыр қимасы геометриялық пішімі бұзылатын ақаулар;
3. Құбыр қабырғалары және пісіру қосылыстарындағы ақаулар.
Жобалық орналасудан құбыр орнының ауытқуы бар ақауларға
келесі құбылыстар жатады:
• су топырақтарда орналасқан құбырлар бетіне жүзіп шығады;
• құбыр арасы шығып кетуі байқалады, яғни құбыр өсінің топырақ сыртқы жағына ығысуы жүреді, олар бір жарты толқын, ирек, сол сияқты бірнеше жарты толқын түрінде болуы мүмкін;
• құбыр
...