ҚР да нан өнімдерінің қазіргі жағдайы
Автор: Zhuldyzz1 • Март 2, 2018 • Реферат • 1,551 Слов (7 Страниц) • 2,087 Просмотры
ЖОСПАРЫ:
- ҚР да нан өнімдерінің қазіргі жағдайы
- Нан өндіру процессіне анықтама беру
- Нан өндіру процессін толықтай ашып көрсету
- Нан өндірісіне керекті шикізаттар және уақыт көлемі
- Қорытынды.
Болашақта эксперттердің бағалауы бойынша елімізде мұнай таусылған уақытта егін,яғни ауыл шаруашылығы дами түседі деген болжамдар бар. Қазір елімізде ауыл шаруашылығы соның ішінде ұн өндіру процессі жоғарғы деңгейде. Оған бір себеп еліміздің бірқатар жерлері егін шаруашылығына өте қолайлы. Қазірдің өзінде біз өте көптеген мемлекеттерге ұнды экспорттаймыз, яғни олар: Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, оларға экспорттың ең үлкен үлесі тиесілі: жыл сайын 300-900 мың тонна.
Қазақстан ұн экспорты бойынша соңғы жылдары жетекші орындарды иеленіп келеді.Қазіргі таңда елімізде ұн өндіру цехтары айына 8423,6 мың тоннаға жеткен. Бұл цехтар еліміздің ұн тұтынуды 3-есе қаматамасыз ете алады, және экспортқа шығарылуда. Осыған орай ұнға импорт -0,2 % болса, экспорт -61% жеткен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Нан өндірісі кезінде біз нанның жоғарғы , бірінші және екінші сорттарды айыра білуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала жасалған деректері бойынша 2011 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс алқабы
21,3 млн. га (2010 жылғы деңгейге 89,8 мың га төмен (0,4%) құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 16,5 млн. га (153,1 мың га төмен), майлы дақылдар – 1711,8 мың га (37,7 мың га төмен), қант қызылшасы – 21,8 мың га (1,7 мың га жоғары), көкөніс-бақша дақылдары және картоп – 364,7 мың га (1,1 мың га жоғары), жемшөптік дақылдар – 2617,5 мың га (94,9 мың га жоғары) алқапта орналасады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егіс алқабы 2,5 мың га жоғарылайды. Бұл ретте жазғы егіс 18,6 млн. га алқапта өткізіледі, бұл 2010 жылғы деңгейден 0,2 млн. га төмен.
Нан өндірісі қазіргі таңда елімізде қалыпты жағдайда: 500-600 мың тонна жылына. Оны мына кестеден байқауымызға болады:
[pic 1]
Нан пісіру елімізде өңірлер бойынша бірінші орынды Оңтүстік –Қазақстан облысы алса екінші орында Алматы қаласы , үшінші орында Шығыс-Қазақстан облысы алад
2.Нан өндіру процессіне анықтама беру
Қазіргі таңда нан өнімдерін нан өндіру кәсіпорындарда ағымдық механикаландырылған линиямен жүргізіледі. Бұл келесідей құрылымдық жүйені қамтиды: машина және аппараттар, өлшеуіш техникалар өзара техникалық процестер жүзеге асырылады.
Өнім өндіру күрделігіне байланысты жай болып табылады. Өндірістік типі жаппай өндіріс.
Нан өнімдерінің технологиялық процессі шикізаттарды өңдеу дайын өнім жасау. Процес кең ауқымды түрлі ингредиенттерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ингредиенттер тығыз байланысты және бір – біріне әсері мол. Технологиялық процесті жүзеге асыруда ең оптималды тәсіл қолданылады, ол үшін түрлі варианттар қарастырылады.
Қазіргі заманғы механикаландырылған нан зауытының құрылымы, осы нанды дайындауға кеткен процессті түгел дерлік көрсетеді. Яғни шикізатты қабылдаудан басталып оны сату желілеріне дейін жеткізілуі қарастырылады.
Осы процестерді кең түрде ашып тоқталып кетейік:
- сақтау процесінде , яғни шикізатты бақылау және өндіруге дейінгі процесте келесідей құралдар (силос, бункер, цистерналар) қолданылады.
- шикізаттарды өндіріске жіберу және оларды өлшейтін приборлар;
- смесителдер, әр түрлі сортты ұнды араластыру;
- ферроприместерді жоятын аппараттар және кепсерлер;
- су дайындайтын аппараттар, тұзды, қантты, және престелген дрожді ұнтақтайтын аппараттар;
Шикізатты дайындау барысында дозаторлар қолданылады. Бұл дозаторлар периодты және үздіксіз іс-әрекет етеді. Дозаторлар: су, қант, тұзды өлшеп нан көтерілу үшін қолданылады.
Нан шикізатын дайындау үшін нанды илеу, нан көтерілетін машина, нанды бөлу машиналары жатады. Ірі- ірі пештер қолданылады және осы өндіріс процессін бірқалыпты темперетурада бақылайтын техникалар қолданылады. Өңделу процессіндегі нандарды бір процесстен екінші процесске жылжытып отыратын машиналар қолданылады. Бұл машиналарға мен өндіріс процессінде толық тоқталам.
...