Электрэнергия тұтынушылары мен қабылдағыштарының негізгі түрлері
Автор: madiar389 • Декабрь 8, 2021 • Реферат • 1,191 Слов (5 Страниц) • 330 Просмотры
Дәріс №2. Тақырыбы: Электрэнергия тұтынушылары мен қабылдағыштарының негізгі түрлері.
Электр энергия тұтынушысы деп электр тұтынушыны немесе технологиялық процеспен біріктірілген және белгілі бір территорияда орналасқан тұтынушылар тобын айтады. Электрлік энергияның қабылдағышы деп электрлік энергияны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған аппарат, агрегат, механизмді айтады.
Электр энергиясының тұтынушыларын, сонымен қатар олардың жүктемелерін жүйелендіру келесі пайдаланымдық-техникалық белгілер бойынша жүзеге асады: жұмыс режимі, қуаты және кернеуі, тогының тегі, талап етілетін қоректендірудің сенімділік деңгейі, территориалды орналасуы, жүктеменің тығыздығы, электр қабылдағыштарының орналасуының тұрақтылығы. Бірақ өндірістік кәсіпорынның электрлік жүктемелерін анықтағанда электрэнергия тұтынушыларын жүйелендіргенде тек жұмыс режимдері, қуаты, тогы, кернеуі, және талап етілетін қоректендірудің сеніміділік деңгейі бойынша ғана жүргізеді, ал қалған белгілерін қосымша деп есептейді.
Жұмыс режимдері бойынша электр энергияның барлық тұтынушыларын үш жұмыс режимдері қарастырылған топтарға бөлуге болады: ұзақтық, мұнда электрлік машиналар ұзақ уақыт бойы жұмыс істей береді, машинаның жеке бөлшектерінің температурасы стандартпен бекітілген шектерден аспайды; қысқа мерзімді, мұнда жұмысшы период машинаның жеке бөлшектерінің температурасы орныққан мәндеріне дейін жетпейтіндей ұзақ емес, машинаның тоқтау периодында жеке бөлшектерінің температурасы қоршаған ортаның температурасына дейін суытылып үлгереді; қайталамалы-қысқа мерзімді, мұнда жұмысшы периодтар пауза периодтарымен кезектеседі, ал барлық циклдың ұзақтығы 10 мин аспайды. Бұл кезде қызу рұқсат етілген шамадан аспайды, ал салқындатылуы қоршаған ортаның температурасына жетпейді.
Өндірістік кәсіпорындардың энергия тұтынушыларының жұмыс режимдерін сараптау электр қозғалтқыштардың көбісі ұзақтық режимде негізгі технологиялық агрегаттарда және механизмдерде істейтінін көрсетеді. Желдеткіштердің, сораптардың, компрессорлардың, түрлендіргіштердің, үздіксіз транспорттың механизмдерінің және т.с.с. электр жетектері бірнеше сағаттан бірнеше ауысымға дейін үзіліссіз, өзгермейтін немесе аз өзгеретін жүктемемен істейді. Металдарды суықтай өңдеу станоктарындағы, ағаш өңдейтін станоктардағы, құю цехтарының арнайы механизмдеріндегі, тоқпақтардағы, пресстердегі и соғу машинасының қозғалтқыштары ұзақ уазыт бойы, бірақ өзгермелі жүктемемен қысқа мерзімді сөндірулермен жұмыс істейді, бұл мерзімде электр қозғалтқышы қоршаған ортаның температурасына дейін суытылып үлгермейді, ал цикл ұзақтығы 10 мин асады.
Қысқа мерзімді жұмыс режимінде металл кесетін станоктарының қосымша механизмдерінің, сонымен қатар фрамугтарды, гидравликалық бекітпелерді ашудың механизмдері және т.с.с. электр жетектерінің көбісі жұмыс істейді.
Қайталамалы-қысқа мерзімді жұмыс режимінде көпірлік крандардың, тельферлердің, көтергіштердің және оларға ұқсас қондырғылардың, илемдеу цехтарының қосымша және бас жетектерінің электр қозғалтқыштары істейді. Бұл топқа сонымен қатар дәнекерлеу аппараттары жатады, олар үлкен қуат секірісімен жұмыс істейді.
Электр қабылдағыштарының өзіндік тобына ұзақтық режимде тұрақты немесе аз өзгеретін жүктемелі қыздырғыш аппараттар және электр пештері және электрлік жарықтандыру құрайды. Электрлік жарықтандырудың жұмыс режимінің ерекшелігі жарықтандыру қосылып тұрғанда тәулік уақытына және жүктеменің бүкіл уақыт бойы тұрақтылығына байланысты жүктеменің лезде нөлден максимумға дейін өзгеруі құрайды
Қуат және кернеу бойынша барлық энергия тұтынушыларын 2 топқа бөлуге болады.
Қуаты үлкен тұтынушылар (80-100кВт және одан жоғары) 3-6-10 кВ кернеуге, 3-6-10 кВ тораптан тікелей қоректенеді. Бұл топқа өзіндік трансформаторлары арқылы қоректенетін қара және түсті металдарды балқытуға арналған қуаты үлкен доға пештері мен кедергі пештері жатады.
...