Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в "KAZMEDPRIBOR Holding"

Автор:   •  Апрель 20, 2019  •  Отчет по практике  •  3,213 Слов (13 Страниц)  •  359 Просмотры

Страница 1 из 13

1 "KAZMEDPRIBOR Holding" компнаиясының тарихы - өзінің бастауын жиһаздарды кішігірім цехта шығарудан бастап, 10 жыл ішінде Қазақстандағы медициналық техниканың ірі заводына айналған отандық өндіріс орнының бірі болып табылады. Қазіргі таңда "KAZMEDPRIBOR Holding" - бұл жоғары технологиялық медициналық бұйымдарды шығаратын көшбасшы компания.

2005 жылы мемлекет қолдауымен "KAZMEDPRIBOR" ЖШС қрылды. 2006 жылы компания формацевтикалық өндірісті жүргізуге лицензия алды. 2007 жылы "KAZMEDPRIBOR" ЖШС мемлекеттік сатылымдарда белсенді атсалысты.

2008 жылы Шымкент қаласында медициналық жиҺаздарды құрастыру бойынша цех ашылды. Онда емдік - профилактикалық орындар үшін арналған медициналық штативтер, ширмалар, кушеткалар және тағы да басқа медициналық жиҺаздар шығарылды.

2009 жылдан бастап компания өндірісті дамытумен және өнім түрлерінің саннын арттырумен, "ISO-9001" СТРК ИСО 9001-2009 сапа стандартын енгізумен  айналысып келеді. Өнім ассортименттері функционалды кроваттармен, геникологиялық креслолармен, сәулелендіргіштермен, медициналық жарықтандырғыштармен, центрифугалармен және де басқада техникалармен толықтырылады. Қазақстандық дәрігерлер шетелдік техникалардан кем түспейтін отандық өнімдердің жоғарғы сапасын атап өтті. 20 ға жуық өнім аталымы Ресей Федерациясы териториясында сатылуға тіркелген.

2010 жылы жедел медициналық көмек машиналары мен "КамАЗ" жарты прицепті негізінде өозғалмалы медициналық кешендерді жабдықтау жобасы іске қосылды. IVECO автокөліктерін өндірушілермен келісе отырып, компания осы көліктерді арнайы медициналық автотранспорттарға жабдықтаумен айналысты. Жедел медицианлық көмек машиналарын жабдықтау цехы ашылып, онда жедел реанимациялық көмек бригадаларының автокөліктерінің алғашқы нұсқалары шығарыла бастады. Сонымен қатар дентомобил, неонатальды автокөлік, донорлық пункттер, саниталық автотранспорттар шығарылды. Нұсқалар медициналық орындарда сынақтан өткізіліп, дәрігерлерден жоғарғы бағаға ие болды. IVECO автокөліктерінің халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталғандығы атап айтылды. Автокөлік жоғары төзімділікке ие және тек қана қалада ғана емес, аулды жерлерде де жұмыс істеуге арналған.

2011 жылы компания қуатын 4 есе арттыруға мүмкіндік беретін қосымша өндіріс кешені ашылда. ISO 13485: 2003 европалық сапа стандарты енгізілді. Өндіс бұйымдары мемлекеттің емдік мекемелерінде қолданылып келеді. Қазақстан Республикасының 200 жуық медицианлық мекемелері компанияның тұрғылықты клиенттеріне айналды.

2012 жылы компания "ISO -9001" СТРИК ИСО 9001 - 2009 сапа стандартын сертификаттандырылғандығын мәлімдеді. Осы жылы жоғары сапалы өнімдер шығарғандығы үшін "KAZMEDPRIBOR" ЖШС "Мінсіз" халықтық сапа белгісімен марапатталды және де "Қазақстан үздік тауары" атты аймақтық конкурста жеңіске жетті.

2013 жылы электронды медициналық бұйымдарды өндіретін цех ашылды. Компанияның "Бизнестің жол картасы - 2020" атты мемлекеттік жобасына қатысуы нәтижесінде өндіріс көлемінің қуаты 4 есе артып; жаңа орындар соғылып; өндіріс жабдықтары жаңартылды. Қосымша жұмыс орындары енгізілді. Осының барлығы да өнім түрлерінің санын арттырып, жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды: УДЗ аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған видеокешендерді, операциялық столдарды медициналық консулдарды, операциялық жарықтандырғыштарды, электрокардиографтарды, фотольды мониторлар мен доплерлерді, бу стерилизаторларын, биологиялық ламинарлы бокстармен басқа да бұйымдарды шығаруға мүмкіндік берді.

2014 жылы диагностикалық медициналық жабдықтарды өндіретін "Shimadzu Corporation" ірі өндіріс орнымен бірлесе отырып компания рентген-диагностикалық аппараттарды шығаруға дайындалып жатыр. Бірлескен жоба барысында өндіріс технологиясының барлық сатылары зерттеліп, компания қызметкері "Shimadzu Corporation" зауытында оқудан өтті.

Рентген аппараттарының бірінше түрін: жылжымалы рентгендік кешен, платалық рентген аппараттары, телебасқарылатын рентген-диагностикалық кешен және рентген графикалық жүйені шығару жоспарланып жатыр. Осы жылы компания "KAZMEDPRIBOR" ЖШС бірігіп, құрылымын өзгертті.

...

Скачать:   txt (50 Kb)   pdf (347.2 Kb)   docx (564.2 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club