Отчет по практике в АҚ «Сүт»
Автор: gulda-ru • Июнь 18, 2018 • Отчет по практике • 7,496 Слов (30 Страниц) • 2,180 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Мекеме жайлы жалпы мәлімет | 4 |
2 | Мекемедегі еңбек күзеті мен техникалық қауіпсіздік іс-шаралары | 6 |
3 | Мекеменің құрылымымен танысу. Инженер-техникалық қызметкерлердің қызметтік міндеті | 11 |
4 | Шикізат базасы, даму үрдісі. Мекеме талдауы | 12 |
5 | Орауға арналған аппараттар және буып-түю материалдары талаптары | 13 |
6 | Өндірісте шығарылатын өнімдер және ірімшік түрлері | 15 |
7 | Өндіріс орнында қолданылатын құралдар мен құрылғыларға қойылатын санитарлық және техникалық талаптар | 21 |
8 | Тағамдық өнімдерді қайта өндіру кезіндегі техникалық үрдістер | 23 |
9 | Құжаттармен жұмыс мекемеде тағамдық өнімдерді іске асыру мен өндіріс бойынша есепке алу және есеп жүйесі | 25 |
10 | Өндірісте қолданылып жатқан шикізаттың жаңа түрлері. Жаңа техникалық жабдықтар | 26 |
11 | Құрғақ майсызданған сүт алу әдісі мен дайындау | 27 |
Қорытынды | 29 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 30 |
Кіріспе
Мен, Режепова Наргиза Конысбаевна, 5В070100 «Биотехнология» кафердасының, «Биотехнология» мамандығы бойынша Бт-201 тобының студенті, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде 05-маусым мен 08-шілде аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Практика барысында мен, АҚ «Сүт» өндірістік мекемесінде болып, олардың жұмыс істеу қағидаларымен және ненің қайда, қалай қолданылатындығы жөніндегі ақпарат көздерімен толық таныстым.
Оқу практикасының мақсаттары мен міндеттері түсіндірілген. Сонымен қатар, жеке тапсырмалар берілген мекемелік сұрақтар талқыланған, орнықтырылған таныстыру өтті.
Жеке тапсырманы орындау барысында:
- қауіпсіздік ережелерімен танысу;
- құрылғылар элементтерінің базасымен танысу;
- берілген құрылғының принціпімен таныса отырып және оны жұмыс барысында қолдануды үйрену.
1 Мекеме жайлы жалпы мәлімет
Тарихы сонау 1946 жылдан басталатын АҚ «Сүт» өндірістік мекемесі өзінің бұрынғы құрылғанынан бері сүтті консервілер шығаратын базасында ендігі сүтті қайта өңдеумен айналысады. Қазіргі уақытта барлық өндірістік цехтар замануи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрдайым өндірісті жаңарту мен шығарылатын өнім түрлерін арттыру, жаңа технологиялар мен әлемдік алда келе жатқан өндірушілердің (Италия, Швейцария, Польша, Ресей) құрылғыларын пайдалану бізге табиғи экологиялық және өз табиғи қасиетін толық сақтап қалған өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде АҚ «Сүт» өндірістік мекемесін өз үлесіне «ФудМастер» компаниясы алып, олар «ФудМастер» компаниясының құрамындағы зауыт ретінде тарихының басталуы 2009 жыл деп саналады, сол жылы Павлодар сүт зауытына ауқымды жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
«ФудМастер» компаниясы кәсіпорынды қайта құруға қомақты инвестиция салды, енді тіпті, ауасына дейін зарарсыздандырылған өндірістік желілер компанияның барлық зауыттарындағы сияқты сақтау мерзімі жоғары табиғи әрі сапалы өнімді өндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда «ФудМастер-Павлодар» зауыты шын мәнінде, ең заманауи сүт өндіру алаңдарының бірі болып табылады, онда автоматтандырылған өндіру процестері мен сапаны көп сатылы бақылау жүйесі енгізілген әрі жақсы әрекет етуде.
2015 жылғы 10 маусым, Павлодар облысы, Павлодар қаласы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза Республикамыздың сүт секторындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорны – Lactalis француздық компаниялар тобына кіретін «ФудМастер» компаниясының зауытында болып қайтты. Өндірістің анағұрлым заманауи және қауіпсіз әдістеріне инвестициялар құюға негізделген Lactalis компаниясының біртұтас халықаралық саясатының арқасында «ФудМастер» өнімдері бүгінгі күні барлық халықаралық сапа нормаларына сай келеді. Lactalis компаниясы табысының маңызды шарты шығарылатын өнімдерінің сапасын бақылаудың меншік жүйесі және олардың тек қана табиғилығы болып табылады.
...