Машық барасындағы папье-машемен жұмыс
Автор: Zergul • Октябрь 24, 2019 • Доклад • 293 Слов (2 Страниц) • 751 Просмотры
Машық барасындағы папье-машемен жұмыс
Папье-маше техникасымен машық барысында жұмыс жасағанда, оқушылар бірден қабылдап жұмыс жасау қиынға соқпады. Мен 3-сыныпта машықтан өттім. Және ол оқушылар бұл іске тез бейімделіп кетті. Алдын-ала керек құрал-жабдықтарды алып келулерін тапсырдым. Оқушыларға алдымен ауызша түсіндіріп, одан соң нұсқау карталарды тараттым. 3-сыныппен жүргізген папье-маше техникасының құрал-жабдықтары мыналар болды: су,ақ қағаз, гәзеттің қағазы, дәптердің қағазы, ПВА желімі, өздері алып келген ыдыстары. Жұмыс барысы былай өрбіді: алдымен оқушыларға қосымша ыдыстарына су әкелттім, әкелген суға алдымен газет қағаздарын қолмен жыртып суға батырып салып қойды, одан соң ыдыстарының сыртын сулады. Сосын оған суда тұрған газетті жабыстырды,одан әрі суға ПВА желімін араластырып,дәптер қағазын батырып салды, сосын дәптер қағазын ыдыстың екінші қабаты ретінде жапыстырды, әрмен қарай жұмыс жалғасты газет қиындыларынан 4 қабат, дәптер қиындыларынан 3 қабат жабыстырды. Соңынан ыдыс таза болып шығу үшін таза ақ қағазды жапыстырды. Болған соң терезенің алдына апарып кептіруге қойдық. 3 күннен соң жасаған жұмыстың кедір-бұдырлы жерлерін тегістеу мақсатында үйкелегіш құралмен үйкелеп жөнге келтірдік. Аптасына еңбекке баулу сабағына 2 сағат бөлінсе,оқушылар 2 сағат ішінде папье-машені безендірулерсіз аяқтап үлгерді. Сабақтан тыс бос уақытымызды алып жұмысты аяқтауға кірістік, оқушыларға біреуін алып көрсеттім, қалғанын өздері аяқтады. Мұнда ыдыстардың сырттарын акварельный бояумен бояп безендірдік. Бұл папье-маше техникасы арқылы оқушыларға жұмыс жасаған өте қатты ұнады. Оқушылар тіпті өздері үйлерінде іні-сіңілеріне әр-түрлі ыдыс-аяқтар жасап береміз деп мәз болды.
...