Инженерлік жабдықтау
Автор: galiyazhumahan • Октябрь 1, 2023 • Контрольная работа • 947 Слов (4 Страниц) • 142 Просмотры
Кіріспе. Инженерлік жабдықтау. Мақсаты, әдiстері және пәннiң құрылымы
- Кіріспе.
- Мақсаты, әдiстері және пәннiң құрылымы.
Жабдықтаудың негізгі мақсаттары су, газ шаруашылығы, абаттандыру, энергетика салаларында реттеу және мемлекеттік басқару.
«Инженерлік инфрақұрылым» пәні қаланы жобалаудың заманауй теориясының құрама бөлігі және белгіленуі бойынша объектінің жөнделуін қамтамасыз ететін техникалық жүйелердің кешені болып табылады. Инженерлік — техникалық жүйеге жолдарды, каналдарды, көпірлерді, порттарды, әуежайларды, энергетикалық шаруашылықтарды, көлік, байланыс, су тұтыну және суәкету құрылыстарын салу мәселесінен түсінік береді. Берілген курстың ерекшелігі, кеңістіктегі ортаны инженерлік тұрғыдан қамту мәселелерін қарастырудан тұрады.
Оқытудың мақсаты: студенттерді жобалауда қолданылатын инженерлік инфрақұрылымның негізгі элементтерімен таныстыру:
— әртүрі нысандарды инженерлік тұрғыдан қамтудағы құрылымы мен көлемін анықтаудағы студенттердің білім жүйесін қалыптастыру;
- Ғимараттың, бөлменің, кешеннің, ансамбльдің функционалдық қызметіне байланысты инженерлік-коммуникациялық ерекшеліктері жайында түсініктеме беру;
- студенттерді көркемдік идеяларды іске асыру мақсатында қолданылатын инженерлік әдістерге үйрету;
- нормативті-техникалық негіздердің білім көлемін нығайту;
Пәнді оқытудың міндеттері болашақ маманның біліктілігін анықтай отырып мыналармен белгіленеді:
- студенттердің аумақты инженерлік дайындықтан өткізу және көркейту мәселелерінің әдіс-тәсілдерін игеру;
- инженерлік коммуникация мен жабдықтардың ғимараттың интерьеріне, экстерьеріне, жалпы кешенге әсерін оқып білу;
- инженерлік жүйені жобалаудың негізгі нормативтерінің көлемін білу; -студенттерді аумақтық инженерлік дайындауды және оны көріктендіруді жүргізу әдістемесін меңгеру;
- инженерлік жүйелерді жобалаудың негізгі нормативтік шамалары; -жобаның бөлімдерінің мазмұнымен таныстыру (жұмыс сызбаларының маркаларына сәйкес);
- Қалалық ортаның көңіл бөлінген фрагментінің инженерлік ерекшеліктерін
айқындау;
- жеке нысан немесе ансамбльдің «сыртқы» және «ішкі» техникалық коммуникациясын және жабдықтарын инженерлік тұрғыда ұйымдастыру;
- жабдықты кеңістіктің ерекшеліктерін ескере отырып инженерлік- техникалық элементтердің шешімін меңгеру;
Берілген пәнді үйрену нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс:
- жобалау бөлімдерінің (жұмыс сызбаларының маркасы бойынша) мазмұнымен танысу;
- қала ортасының қарастырылатын үзіндісінің инженерлік ерекшеліктерін анықтау;
Негізгі функциялары:
1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қаланың қалалық коммуналдық меншік объектілерін (саябақтар, шағын гүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, сумен жабдықтау мен су қашыртқы, газ шаруашылығы нысандары және т.б.) салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қаланың саябақтар, шағын гүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілерін салу мақсатында мемлекеттік қажеттілік үшін алынуға байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен тапсырыс берушінің жер учаскелерін босату жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
3) абаттандыру және инженерлік желілер объектіліріне қатысты, объектілер бойынша жобалау құжаттамаларын қарау және келісу;
4) жергілікті бюджет қаражаты мен басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, орамішілік абаттандыру, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілерін жобалау және салу кезінде ескертулер мен ұсыныстар енгізу;
5) мердігерлердің шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, саябақтар, шағынгүлбақтар, сыртқы жарықтандыру, инженерлік коммуникация желілері, энергетика, су мен жабдықтау және су бұру, газ шаруашылығы объектілерін салу және қайта жаңарту кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін заңнамаға сәйкес инжинирингтік қызметтерді жұмылдыру;
...