Ағынды суларды тазарту процесінің автоматтандырылуын жобалау
Автор: ryskul2020 • Апрель 24, 2023 • Курсовая работа • 2,622 Слов (11 Страниц) • 175 Просмотры
[pic 1]
КІРІСПЕ
Курстық жобамның тақырыбы: «Ағынды суларды тазарту процесінің автоматтандырылуын жобалау».
Курстық жоба мақсаты– ағынды суларды тазарту процесін автоматтандыруға қажетті бақылау- өлшеу аспаптарын дұрыс таңдау және ғылым мен техника жетістіктерінің қазіргі деңгейінде жобалау практикалық дағды машықта-рын алу.
Курстық жобамның өзектілігі: ағынды суларды тазарту процесін автомат-тандыру жобасы техникалық және жұмыс жобалау сатыларындағы жұмыстарды орындау, автоматтандыру құралдарының техникалық аспаптарын таңдау және есептеу әдістерін игеру.
Ағынды су сорап станциясы күрделі гидравликалық жұмыстармен, құрылым- дарды білдіреді.Оларды тұрмыстық,өндірістік және дауыл, су айдау үшін пайдала-нады. Бұл станцияның жұмыс істеу принципі сорап агрегаты орналасқан жерге құбыр кәріздің қабылдау бөлігін енгізуі. Сорап агрегатында кәріздің кері клапандары орналасқан,олар судың келмеуіне мүмкіндік береді. Ағынды су сорап станциясының төменгі бөлігінде қоқыс жәшігі орналасқан. Ол үлкен қоқыстарды станцияға түсіп кетпеуі үшін қажет. Қоқыс жәшігін тазарту және сораптың ішкі қызмет көрсетуі ағынды су сорап станциясының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Сорғыны және бағыттаушы түтікті алып тастау үшін баспалдақ қажет. Құдық станциясында төмен түсетін баспалдақ және қызмет көрсету алаңы бар. Сорғыны бақылау жұмысы датчиктердің көмегімен жүргізіледі.
Ағынды су сорап станциясының құрылымы, көбінесе ағынды су сорап станциялары шахталық типте құрылады.Үлкен сору биіктігі бар сорғымен жабдықталған станцияның сыйымдылығы жоғары.Жерасты бөлігі темір бетон,бетон және пластикалық терезелер арқылы орналасады.
Қабылдау резервуары жабдықталған тор және су ағынды пластиналарға сәйкес анықталады.Тор ірі мусорларды ұстап қалу үшін қолданылады. Қажетті көлем берілген резервуарда график бойынша және сорғы ағынды сулармен анықталады. Ағынды құбыр көбінесе екі линияда болат және пластикалық трубаларда орындалады.
Жұмыс принципі екі режимі бар: автоматты және қолмен басқару режимі.
Автоматты режим, қолмен басқару режимі
Қолмен басқару режимінде қосу және сөндіру әр сорап агрегатында «пуск» және «стоп» батырмасының көмегімен орындалады.Әр сорап агрегатында әр түрлі.Светодиод индикаторы щиттегі жұмыс басқаруын қамтамасыз етеді және сорап агрегатын сөндіреді.
Заттардың 400-ден астам түрі судың ластануын туғызуы мүмкін. Егер зиянды үш көрсеткіштердің кем дегенде біреуі рұқсат етілген нормадан асатын болса , онда су санитарлық-токсикологиялық , немесе органолептикалық жалпы санитарлық ластанған болып саналады. Ластанудың үш түрі бар: химиялық , биологиялық және физикалық. Ең көп тараған химиялық ластаушыларға : шикі мұнай, жуғыш заттар, ауыр металдар , диоксиндер және т.б. жатады . Биология-лық ластаушылар өте қауіпті болып саналады.Оларға : вирустар , ауру тарататын микроорганизмдер жатады.Физикалық – радиоактивті заттар , жылу және т.б.
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет
Ағынды су жүйесінің стансасы (КЖС) ақпасуды айдауға арналған резервуар-лар және жабдықтардан тұрады. Мұндай стансаны қондыруға мұқтаждық кейбір себертерге байланысты ағынды сулар өздігінен тасымалданбаған жағдайда қажет. Осы кезде ол таптырмайтын көмекші болып табылады.
Бұл мақалада КЖС негізгі құрылымдық ерекшеліктері және олардың түрлері, сонымен қатар монтаждық жұмыстарының ерекшеліктері және қызмет көрсету ережелері қарастырылады.
КЖС құрылымы және ішкі құрылғысы.
КЖС таңдаған кезде ағын судың шамаланған көлемі, құрылғы мөлшері, ағын судың ластану дәрежесі және ластану типі есепке алынады. Таңдауға станса қондырылған жер телімі рельефінің ерекшеліктері, және құбыр өткізгіш жүргізілген тереңдік те әсер етеді.
Әртүрлі бағыттағы КЖС құрылғысы аздап айрықшаланады, бірақ құрылымның негізгі бөліктері – герметикалы сыйымдылықтар және сорғыштар – олар барлық модельдерінде болады. Әшейінде су резервуарына өздігінен ағады, одан кейін сорғыштармен тартып шығарады және жою орнына немесе тазартқыш құрылғыларына тасымалданады. Тікелей унитаздарға жалғанатын мини-КЖС болады. Бұлар эстетикалы түрде жасалған кіші көлемді, кескіш механизмі бар сорғыштармен жабдықталған герметикалы резервуарлар. КЖС бұл модельдерін санитарлық торап үй-жайларында қондырады.
...