АБ-ны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Автор: Дидар Еркин • Декабрь 2, 2019 • Анализ учебного пособия • 5,297 Слов (22 Страниц) • 772 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Пайдалану бөлімі
1.1 Жоба участкесінің мінездемесі
1.2 Бағдаршамның орналасуы
1.3 АБ қондырғыларының қажет емес жерлері
2. Техникалық бөлім
2.1 АБ жүйесінің мінездемесі
2.2 Сигналды құрудың негіздік схемасы
2.3 Екі аралық пен бекет қондырғыларының байланыс схемасы
2.4 Өткелге жақындау участкесінің есебі
2.5 Сигнал беру өткелінің схемасы
2.6 Релелік шкаф ШРУ-дың монтаждық схемасы
3. Жабдықтардың спецификациясы және жобалық участкенің аппараттары
3.1 Жобалық участкенің спецификациялық жабдықтары
3.2 Жобалық участкенің спецификациялық аппараттары
4. АБ-ны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
4.1 Жалпы қауіпсіздік техникасының ережелері
4.2 Рельс тізбегіндегі қауіпсіздік техникасы
4.3 Бағдаршамдағы қауіпсіздік техникасы
4.4 Релелік шкаф пен батарейлік шкафтың қауіпсіздік техникасы
4.5 Электрқұралдарына деген талап
4.6 Электр тогынан жараланғандағы алғашқы көмек
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ[pic 1]
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев көлік дамуының келесі болашағын атап өтті.
Темір жол көлігі алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін халықаралық көлік және сауда байланыстарын қамтамасыз ететін темір жолдың негізгі бағыттарын жаңғырту – Достық стансасының дамуын аяқтау, Достық – Ақтоғай учаскесін күшейту, жүк тасымалын құрайтын аудандарда шағын модульді терминалдар ұйымдастыруға кірісу керек. Профильді емес мекемелерден тазартылған барлық көлік-коммуникация монополияларды қайта құрылымдауды батыл жүзеге асыру керек.
2003 жылғы 4 сәуірде ҚР халқына үндеу жолдаған Президент Н.Ә.Назарбаев өндіріс пен ауыл шаруашылығы дамуына байланысты темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі ұздіксіз өсетінін атап айтты. Бұл пойыздар салмағы қозғалысының қарқындылығы мен жылдамдығын өсіру, пойыздар қозғалысын реттеуін жоспарлауды жетілдіру арқылы жететін мақсат. Қазіргі кезде тепе-тең және тұрақты даму үлгісін жасай отырып, біз Қазақстан байлығы болып саналатын шикізаттан экономика диверсификация сының жолдарын, оларды қайта өңдейтін жерлерге жеткізудегі көліктің ерекше қызметін анықтап алуымыз керек
АЛСН – мен бірге автоблоктау пойыздардың жолай жүру қозғалысын аз арақашықтықпен ұйымдастыруға және темір жол жүйелерінің өткізу қабілетін айтарлықтай өсіруге, аралықтар мен стансаларда пойыздар жүрісінің биік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Темір жолдар адамдар мен мал көмегімен қозғалатын вагоншалар жүретін соқпақ жолдардан басталған.
Темір жолдар құрылысы техника дамуымен, орыс механиктері, металлургтер мен құрылысшылар жетістіктерімен дайындалған болатын. Ресейдегі 27 км. аралықтағы жалпы пайдаланудағы бу тартымды алғашқы темір жол Петербор мен Царское село арасында 1837 жылы салынды..Осы кезеңдердің басында Ресейдің астықты аудандары мен Мәскеу, Петербор және оңтүстік пен орталық аудандардағы өндіріске қызмет ететін теңіз порттары арасын байланыстыратын темір жолдар салынды.
Темір жол көлігі телефон – телеграф байланысының қуатты құралдарымен жабдықталған. Радиореле мен радиобайланыс кеңінен тараған. Тасымалдауда істейтін темір жол көлігі қызметкерлері еңбегінің өнімділігін арттыру белгіленіп отыр.
Жүк тасымалдаумен тікелей байланыстағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін тек 1 % артуы халық шаруашылығы үшін 22 мың адамды босатуға мүмкіндік береді. Еңбекке ғылыми ұйымдастыруды енгізу, өндіріс жаңашылдары тәжірибесін тарату, жарыс ұйымдастырудың да үлкен маңызы бар.
...