Электрмагниттік релені сынау
Автор: Елдос Нысаналин • Март 5, 2026 • Контрольная работа • 1,748 Слов (7 Страниц) • 10 Просмотры
- Зертханалық жұмыс №5. Электрмагниттік релені сынау
Жұмыстың мақсаты: электрмагниттік реле құрылғысының жұмыс дағдыларын, әрекет ету параметрлерін реттеу әдістерін игеру; реленің негізгі техникалық сипаттамаларын анықтау.
№ 1 стендтің сипаттамасы
Стенд әртүрлі типті екіншілік релені тексеру, реттеу және орнатуға арналған (5.1 сурет). РТ40, РТ80 ток релесі, РН53 кернеу релесі, уақыт релесі мен аралық реле, РНТ565 дифференциалды релесі және ДЗТ11 стендке катушкалармен және блок-контактілерімен шығарылған. Сынау жұмыстары үшін блоктар: реттеу блогы, жүктеме мен приставка өзара. Реттеу блогы айнымалы кернеуді 380 В, айнымалы токты 10 А дейін, түзетілген кернеуді 240 В, түзетілген токты 4,5 А дейін реттеуді қажет ететін қондырғыларды тексеру кезінде қолданылуы мүмкін. Барлық жағдайларда берілген шаманың сатылы өзгерілуі қамтамасыздандырылады. ~220 В қорек көзі автомат қосу арқылы беріледі. РТ40, РТ80 типті ток релелері, РН53 типті кернеу релелері, аралық және уақыт релелері; РНТ565 және ДЗТ11 дифференциалды релелері стендке орамаларымен және блок түйіспелерінен шығарылған. Сынау жұмыстарына арналған блоктар: реттелетін, жүктеме блогы және қойылымдар жұмсақ көпсымды кәбілдермен салынбалы тарпалармен жалғанады (5.3 сурет; У5053 қондырғысы). Реттеуіш блок 380 В кернеуге дейін айнымалы кернеуді, 10 А-ге дейінгі айнымалы токты, 240 В қа дейінгі түзетілген кернеуді, 4,5 А-ге дейінгі түзетілген токты реттеуді талап ететін құрылғыларды тексеру кезінде қолданылады. Ол барлық жағдайларда берілген шаманы бірқалыпты-сатылы өзгертуге арналған. Стендке қорек ~220 В кернеуді автоматпен қосу арқылы беріледі.
[pic 1]
5.1 сурет
- У5053 қондырғысының сипаттамасы
У5053 қондырғысы жеңіл және күрделі релелік қорғанысты және автоматика элементтерін реттеу мен тексеруге арналған.
Қондырғы үш блоктан тұрады: а) реттеу блогы; б) жүктеу блогы; в) қойылым-блогы, ол өзара ажыратылатын қосылысты кәбілдермен электрлік байланысқан.
5.2 Техникалық мәліметтері
Қондырғы қамтамасыз етеді:
а) реттелінетін бірфазалы айнымалы және түзетілген тұрақты ток пен кернеуді алу;
б) тексерілген қондырғылардың уақытша сипаттамаларын өлшеу;
в) екі фаза арасындағы шамаларды реттеумен симметриялы үшфазалы кернеуді алу;
г) ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуының бұрышын реттеу және өлшеу;
д) әртүрлі қысқа тұйықтаулар түрінің имитация режимінде қорғаныс қондырғыларын тексеру.
5.3 Жұмыс тапсырмасы
5.4.1 Қондырғымен және РТ40 сыналатын реленің электрлік сұлбасымен танысу (5.2 сурет).
5.4.2 Қорғанысты айнымалы ток бойынша тексеру (50 немесе 200 А дейін):
а) тексеру кезінде реттеу және жүктеме блоктарын пайдалану қажет (5.3 сурет);
б) шықпаларды жүктемелерге «I≤50 А немесе «I>50 А» арқылы, талап етілетін ток мәніне байланысты (бірінші жағдайда қорғаныс қоректендіретін фазаларды «SА18» ауыстырып қосқышымен таңдап алу қажет);
в) 5.1 кестеге сай ауыстырып-қосқышты: «SA7» – «~I»; «SA6» – «~I»; «SA20» - «ПРЯМО»; «SA21» - «0»; «SA16», «SA17», «SA19» жағдайына, «SA15» штепселін токтың таңдалған мәніне сай жағдайына орнатамыз;
г) «SA10» қосып, «SA8» тумблерін «СРАБАТ» жағдайына қойып ауыстыру керек;
д) «SA9» ауыстырып қосқышымен «ТV1» реттегіші арқылы жүктемеге қажетті токтың мәнін реттеу қажет. Қажет жағдайда, ток қисығы пішінін түзету үшін, «SA21» ауыстырып қосқышымен ТVЗ біріншілік орам тізбегіне резисторы R24 – R33 резисторларын енгізу қажет.
...