«110 / 35 / 10 кВ 2 х 40 МВА» қосалқы станциясының релелік қорғанысын жобалау
Автор: a.amangeldiev • Апрель 2, 2022 • Реферат • 2,011 Слов (9 Страниц) • 551 Просмотры
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ғ.ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА» ИНСТИТУТЫ
Студенттің өзіндік жұмысы №1
Пәні: «Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазу»
Мамандығы: 5В071800 – Электр энергетикасы
Орындаған: Амангелдиев А.Е. Тобы: РЗиАЭЭСк – 18 - 7
Тексерген: Шарибжанова Г.Г.
Алматы 2022 ж.
Тақырыбы: «110 / 35 / 10 кВ 2 х 40 МВА» қосалқы станциясының релелік қорғанысын жобалау.
Аңдатпа
Ғылыми мақалада «110/35/10 кВ 2х40 МВА» қосалқы станциясының релелік қорғанысы қарастырылады. Қосалқы станцияның күштік қондырғыларына талдау келтіріле отырып, сонымен қатар болуы ықтимал қысқа тұйықталу токтарына есептеу жүргіземіз. Осыған сәйкес релелік қорғаныс қойылымдарының мәндерін анықтаймыз.
“Өмір тіршілік қауіпсіздігі” бөлімінде электр тогының адам ағзасына алып келетін әсері және одан қорғану жолдарын қарастырамыз. Осы мақалада қосалқы станцияның жерлендіру есебі жүргілді. ҚР-ның нормаларын қарастыра отырып, сол берілген нормаға сәйкес жерлендіру кедергісі қарастырылды.
Ал мақаланың экономикалық бөлімінде инвестициялық жоспар көрсетіледі. Осы қарастырып жатқан қосалқы станцияны іске асыруға қажетті қаражат мөлшері есептелініп анықталады. Қосалқы станцияның сатып алынған құрылғыларының нақты бағасы есептелінеді. Қанша қаражат қажет ететіні анықталынғаннан соң, бірден салынған қосалқы станцияның қанша жыл ішінде табыс келтіретіні көрсетіледі. Қосалқы станциясының инвестициялық жағымдылығы талданып, қарастырылды.
Тірек сөздер: релелік қорғаныс, қосалқы станция, дистанциялық қорғаныс, ток қорғанысы, ток үзіндісі, газдық қорғаныс.
Кіріспе
Бүгінгі күнде нарықтық қатынастарға көшу өндірістік саланы жедел дамыту, оның ішінде материалдық ресурстарды пайдалы қамтамасыз етіп, қолданушыға дейін электр энергияны тасымалдау қажеттілігін тудырады.
Жоғарыда айтылған және таңдалған тақырыптың маңыздылығы және практикалық қажеттілігін айқындау болып табылады. Бұл жұмыста қосалқы станцияның релелік қорғанысын жүзеге асыру шарттарын таңдаудың техникалық - экономикалық негіздемесі болып табылады.
Жұмысты орындау үшін келесі шарттарды қарастыру қажет:
- 110/35/10 кВ 2х40 МВА қосалқы станциясының 110кВ шиналарындағы ҚТ тоғын анықтау;
- 110/35/10 кВ қосалқы станцияның күштік қондырғысын нормаларға сай таңдау;
- 110 кВ желілерінің релелік нақтылығын есептеп және қойылымды релелік терминалына енгізіп дайындау;
- Күштік трансформаторымның релелік қорғанысын есеп: дифференциалды тоқ қорғанысы; максимум тоқ үзіндісің; уақыт ұстаным бар максимал ток қорғанысын. Газдық қорғанысты талдау.
- Таңдаған электр қондырғын мәндері арқасында іске асыру қаражатын есептеп, инвестициялық тартымдылығын есептеу;
- Барлық жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздік техникасын сақталуын қадағалап, оның орындалуын қарастыру.
Негізгі бөлім
110 кВ желілерден подстанцияға трансформатор арқылы ағып келетін токтарды есептеуден басталады.
Алдымен, қорғалатын трансформатордың жұмыс тоқтарын есептеу қажет.
Қорғалатын трансформатордың номиналды жұмыс тогы келесі формуламен анықталады :
[pic 1]
Трансформатордың жұмыс тогын төменгідей анықталады:
[pic 2]
Трансформатордың жұмыс режимде болатын тогы релелік қорғаныстың әр түрін есептеу үшін қажет.
Максимал жұмыс тоғы – максимал тоқ үзіндісі үшін, номинал тоғы асқын жүктелуден қорғауға қажет.
...