Технологиялық кешендердің басқару жүйелері
Автор: 87081429812 • Декабрь 13, 2023 • Реферат • 733 Слов (3 Страниц) • 166 Просмотры
4. Технологиялық кешендердің басқару жүйелері
4.1 Агрегаттармен үйлестірілген басқару
Технологиялық кешендердің құрамындағы агрегаттармен үйлестірілген басқару кезінде негізінде дайындық немесе оқиға бойынша басқару алгоритмдер қолданылады, бірақ агрегаттар қалпы бойынша басқару алгоритмдер қолданылуы мүмкін. Былай, мысалы, тау-кен өнеркәсібінде, кешенге кіретін агрегаттардың қосу, жұмыс және сөндіру тізбегі агрегаттарға өңделетін материал түсімімен анықталады.
Металлургиялық өнеркәсібінде құймакесек тасығышқа, ол анықталған құдыққа жеткеннен кейін ғана, құймаларды артады.
Азық-түлік өндіріс кешендерде, ыдыс жүктеу құрылғының астына түскенде ғана дайын өнім өлшеп оралады.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда, оқиға басталғаны туралы ақпарат әртүрлі бергіштерден түседі, мысалы, салмақ бергіштерден, жолдық бергіштерден, ыдыс болуы бергіштерден. Кешенде жекелеген агрегаттармен басқаруы басқару жүйенің жоғары деңгейлі өнеркәсіптік компьютермен немесе орта деңгейлі технологиялық контроллермен жүзеге асырылады.
Сорғы станцияларында жабдықтағыш желіде пайдаланылатын сорғылар саны, желідегі қысымға немесе тәулік бойынша тұтынуға байланысты. Сорғылардың жұмысы, жабдықтағыш желінің магистралінде орнатылған, қысым бергіштен түсетін ақпаратпен анықталады, немесе өнеркәсіптік компьютерге енгізілген судың тәулік бойынша шығын кестесі арқылы.
Егер агрегатта төтенше жағдай пайда болса немесе оның параметрлері номиналды параметрлерінен ауып кетсе, онда ақпарат төменгі деңгейлі желі арқылы басқа агрегаттардың контроллерлеріне түседі. Бұл жағдайда, нақты агрегаттың басқару бағдарламасы оның жұмысын тоқтатады немесе жұмыс режимін өзгертеді. Ақпарат желі бойынша, кешендегі агрегаттардың одан әрі жұмыс туралы шешiм қабылдау мүмкiндігіне ие болатын, жоғары деңгейлі өнеркәсіптік компьютерге түседі.
Өнеркәсіптік компьютердің функциясының бірі, заттың өндеу сапасын және өнеркәсіптің дайын өнімді алуын анықтайтын, технологиялық параметрлерін бағдарлама бойынша бақылау және қолдау болып табылады.
4.2 Кешендермен басқару құралдары
Технологиялық кешенмен басқару жүйесі, құрамына өнеркәсіптік компьютерлер, технологиялық контроллерлер, оператор орындар, бағдарламашылар, өнеркәсіптік желілерді жүзеге асыратын құралдар енетін, көпдеңгейлі, тармақталған құрылымды қамтиды.
Siemens фирмасының Process Control System 7 (PCS7) басқару жүйесін қарастырайық. Бұл жүйе үздіксіз технологиялық үдерістермен басқаруға және құрастыру өндіріспен басқару саласындағы жұмысқа арналған. Ол, желілік жабдықтармен жарақтандырылған, көптеген жиынтықты электр жетектер (суретте КЭП) жүйелері бар агрегаттардың, машиналар мен механизмдердің үлкен санын қамтитын, технологиялық кешендермен басқаруға бағытталған.
SIMATIC PCS7 үлестірілген жүйенің сұлбасы 4.1 суретте көрсетілген.
[pic 1]
4.1 сурет – SIMATIC PCS7 үлестірілген жүйенің сұлбасы
Айнымалы немесе тұрақты тоқ жиынтықты электр жетектер DP/PA LINK коммуникациялық (қатысым) жүйесі және Profibus-PА өнеркәсіптік желі арқылы S7-400 технологиялық контроллермен (суретте КТ) басқарылады. Басқару үшін, үлестірілген ET 200M периферия (суретте РП) және S7-300 зияткер шағын жүйе (суретте ИП) қолданылады. Микропроцессорлық электр жетектердің және басқару жүйелердің бағдарламалауы бағдарламашы (суретте ПГ) арқылы жүзеге асырылады.
Оператор орындары (суретте ПО) басқару үдерістің бақылауын және түзетуін қамтамасыз етеді. Инжиниринг станциясы (суретте ИС), технологиялық жабдықтың жұмыс істеу режимінде диагностикалауын орындайды, басқару бағдарлама құралдарының әзірлеуін жүзеге асырады, бақылау үдерістердің бейнелеуін қамтамасыз етеді. Profibus немесе Industrial Ethernet стандартты жылдам тізбекті шина, агрегаттармен басқару жүйелерді, оператор орындарының, технологиялық контроллерлердың дисплейлік жүйелерімен, сервермен байланыстырады. Ақпаратты беру жылдамдығы 19200 кбод. Profibus, Industrial Ethernet тізбекті шиналар талшықты-оптикалық немесе коаксиалды кабельдермен орындалады.
...