Қазақстандағы статистика ғылымының тариxы, дамуы
Автор: 122333444455555 • Январь 29, 2019 • Реферат • 2,176 Слов (9 Страниц) • 1,628 Просмотры
Жоспары:
1.Қазақстандағы статистика ғылымының тариxы, дамуы
2. ҚР статистиканың атқаратын қызметтері
3. ҚР Ұлттық статистика агенттігі
4. Қазақстандағы статистика ғылымының маңызы
Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Қазақстан статистикасының тамыры өте тереңде жатыр. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында халықтың саны 200 мың адам , ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVIII-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып — Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XIX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920ж. 26-тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені» бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органның құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.
1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында екінші республикалық статистика конференциялары болып өтті. Олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және методологиялық жабдықтамаларына үлкен рөл атқарады. 1930-1948 жылдары республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР-нің мемлекеттік жоспарлау органы жүргізеді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган республика министрлер кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарады, ал 1960 жылдан бастап орталық статистика басқармасы 1987 жылы басқармасының статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті басқарады. Статоргандағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдан бастап орталықтануына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқада барлық деңгейдегі басқару органдарының еліміздегі экономикалық және мәдениет жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарлаудың және көптеген шаруашылық жұмыстардың барысымен орындалу қорлары туралы жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықталған жалғыз-ақ жүйе болды. Қазақстанның статоргандары бұрынғы КСРО барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақ барлық 8 халық санағын ұйымдастырылымын өткізіп, жиынтығын қортындылады, үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдікті салалық және тематикалық жинақтарымен анықтамаларды басылып шығарылды
Қазақ елінде статистикалық істің және мекеменің қалай дамығаны жөнінде
...